Қазақстандықтар нансыз қалмайды – Әлихан Смайылов

22 августа 2023 года

Премьер-министр Әлихан Смайылов құрғақшылыққа қарамастан, жиналған өнім нарық қажеттіліктерін жабу үшін жеткілікті болатынын айтты, деп хабарлайды LS.

"Жиналған өнім жеткілікті. Қазақстандықтар нансыз қалмайды. Осы ретте климаттық өзгерістер, су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін елеулі сын-тегеурінге айналып отырғанын атап өткен жөн. Сондықтан су ресурстарын ұтымды пайдалануды күшейту жөніндегі жол картасын әзірлеу қажет. Өңірлерге су үнемдеу технологияларын белсенді енгізу керек. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда жем дайындауға ерекше назар аударылуы тиіс", – деді ол.

Смайылов 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие беру және 81 млрд теңгеге жаңа астық өнімін форвардтық сатып алу қарастырылғанын еске салды.

"Ағымдағы жылы "ҚазАгроҚаржы" компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға жем-шөп дайындау техникасы мен суарудың ұтқыр жүйелерін сатып алуды қаржыландыру үшін 20 млрд теңге бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, жаз құрғақ болды, нәтижесінде бірқатар аймақтар зардап шегіп, өнім аз жиналмақ. Құрғақшылықтың салдарын жою үшін жедел шаралар қабылданды. Оның ішінде үкімет резервінен қаражат бөлінеді. "Бәйтерек" холдингі құрғақшылықтан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелері бойынша қарыздарды ұзарту және қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет", – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда жем дайындауға ерекше назар аударылуы қажет.

"Бүгінгі таңда Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан (92,9%), Алматы облыстарында жемшөп дайындаудың жақсы қарқыны бар. Ал Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында қарқын төмен. Бұл өңірлер жұмыств барынша жандандырып, азық бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуі тиіс", – деп ескертті Смайылов.

Премьер-министр жауапты ведомстволарға егін жинау науқанын уақытылы жүргізуді тапсырды.

"Облыс әкімдіктері тұрақты бағаны сақтай отырып, қысқы кезеңге жем-шөп қорын сапалы дайындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. Энергетика министрлігі егін жинау кезеңінде жанар-жағармаймен уақытылы қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстасын", – деп түйіндеді үкімет басшысы.

Бұған дейін, Қазақстанда астық өнімінің тек 45%-нан астамы қанағаттанарлық жағдайда екендігі хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.