Қазақстандық автокөліктер Еуропа нарығына шыға алады

сегодня

Отандық автокөліктерді Еуропа елдеріне экспорттау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Өнеркәсіп комитеті LS-ке хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта отандық автокөлік өндірушілер Еуропалық одақтың бірнеше елінің нарығына шығу мүмкіндігін пысықтап жатыр. Әзірге әлеуетті серіктестермен алдын ала келіссөздер жүргізілуде.

Ең басты мәселе – шығарылатын өнімнің Еуропа нарығының техникалық талаптары, экологиялық стандарттары және сертификаттау талаптарына сай болуы.

Егер келіссөздер сәтті аяқталып, барлық талаптар орындалса, қазақстандық автокөліктерді экспорттау ресми тәртіппен басталуы мүмкін. Қай елдерге жеткізілетіні келіссөздер нәтижесіне, нарық сұранысы мен экономикалық тиімділікке байланысты анықталады.

Комитет хабарлауынша, болашақта Қазақстандағы өндіріс алаңдарында шығарылатын жеңіл автокөліктер экспортқа шығуы мүмкін. Қазір елде төрт ірі автозауыт жұмыс істейді, олардың жалпы жобалық қуаты жылына шамамен 360 мың автокөлікке жетеді.

Ведомствоның хабарлауынша, бар өндірістік қуат экспорт көлемін сұранысқа және келісілген шарттарға сай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.