Қазақстанда жаңа мұнай кен орындарын іздеу күшейеді

сегодня

Қазақстанда жаңа кен орындарын анықтау үшін 200 ұңғыма бұрғыланады, деп хабарлайды LS.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың айтуынша, бұрғылау жұмыстарын ұлғайту жаңа кен орындарын ашу және елдің шикізат базасын толықтыру үшін қажет.

"Болжамды есептеулерге сәйкес, 2026 жылы барлау және бағалау жұмыстары аясында шамамен 80 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда. Ал 2027-2028 жылдары бұл көрсеткіш жылына 120 ұңғымаға дейін жеткізілмек", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мұнай мен газ қоры болуы мүмкін, бірақ әлі толық зерттелмеген аумақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай жерлерді аукционға шығару тәртібі де жеңілдетілген. Министрлік өтінім түскеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде аукцион өткізеді.

"Жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы үш жылда учаскенің кемінде 30%-ында сейсмикалық барлау жүргізіледі. Кейін барлау ұңғымалары бұрғыланады", - деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін, Қызылорда облысында тақтатас мұнайын іздеу жұмыстары басталатыны хабарланған еді. Бұл жерде "Белес" жобасы жүзеге асырылады. Жоба облыстағы ең ірі Құмкөл кен орнының маңында орналасқан.

Жоба аясында 3,5 шақырым тереңдікте ұңғыма бұрғыланады. Жер астынан жыныстардың үлгілері алынып, бұл аумақта тақтатас мұнайын өндіру мүмкіндігі зерттеледі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.