Қазақстанда жаңа мұнай құбыры салынуы мүмкін

11 апреля 2023 года

Қазақстанда жаңа мұнай құбырын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда мұнай тасымалдаудың экспорттық бағыттарын одан әрі әртараптандыру және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жалғасуда. Осы бастама шеңберінде энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, "Қазмұнайгаз" және ірі халықаралық компаниялармен бірлесіп жаңа экспорттық мұнай құбырын салу мүмкіндігін қарастыруда. Аталмыш жұмыс зерттеулер мен есептеулер жүргізу және басқа да қажетті шараларға белгілі бір уақытты қажет етеді.

"Мұнай құбырының құрылысына ірі мұнай жобаларының қатысуы жөніндегі мәселені шешу жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлардың, оның ішінде шетелдіктердің мүдделерінің теңгерімін сақтауды ескере отырып, ұзақ мерзімді сипатқа ие", - деп атап өтті энергетика министрлігінде.

Сонымен қатар министрлікте Қазақстанда мұнай өндірудің өсуін ескере отырып, қосымша маршруттарды дамытуды қарау олардың әлеуетіне, экономикалық орындылығына және басқа да ілеспе, оның ішінде техникалық факторларға тәуелді болатынын айтып өтті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.