Қазақстанда зейнетке шығудың жаңа тәртібі енгізілуі мүмкін

сегодня

Қазақстандықтарды зейнеткерлікке тек жасына байланысты емес, еңбек өтіліне қарай шығару ұсынылды, деп хабарлайды LS.

Сенатор Амангельді Нұғманов зейнетке шығуды тек жасқа бағындырмай, жүйені жаңарту үшін жаңа әдістерді қарастыруды ұсынды

"Елде зейнетақыны тағайындауда негізінен жасқа сүйенетін модельден еңбек өтіліне негізделген модельге кезең-кезеңімен өту мәселесін қарастыру орынды деп есептеймін. Қазіргі таңда әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығу жүйесі жұмыс істейді. Сол сияқты азаматтар өз еңбек өтілі толғаннан кейін зейнетке шығу уақытын өздері таңдай алады, бұл шешімге сәйкес экономикалық жауапкершілікті де өз мойнына алады", – деді сенатор.

Оның айтуынша, бұл реформа жұмыссыздықты азайтып, адамдардың әлеуметтік тәуелділігін төмендетіп, еңбекке жауапкершілікті арттырады.

"Тағы бір маңызды мәселе- денсаулық жағдайына байланысты ерте зейнетке шығу мүмкіндігі жоқ. Яғни, созылмалы немесе кәсіби аурулары бар адамдар бұл есепке алынбайды. Егер Денсаулық сақтау министрлігі белгілейтін аурулар тізіміне сүйене отырып зейнетке шығу рәсімделсе, бұл әділеттілікті арттырар еді", – деп түсіндірді сенатор.

Сонымен қатар, еңбек қабілетін қалпына келтіріп, оны медициналық қорытынды арқылы дәлелдеген жағдайда, азаматтың конституциялық еңбек құқығы автоматты түрде қайтарылады, деді ол.

А. Нұғманов сондай-ақ, мемлекеттік органдар, ғылыми сарапшылар, кәсіподақтар және азаматтық қоғам институттарының қатысуымен арнайы ведомствоаралық топ құруды ұсынды. Депутаттың айтуынша, бұл топ зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, адам мен адам капиталының дамуына бағытталған шешімдер қабылдай алады.

Бұған дейін, Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға басқаруға тапсыру мүмкіндігін беру ұсынылған еді.

Сонымен қатар, Қазақстанда БЖЗҚ-нан алынатын ең төменгі жеткіліктілік шегін қайта көтеру жоспарланып отыр. Бұл азаматтарға зейнетақы қаражаты есебінен тіс емдетуге мүмкіндік береді. Айтылғандай, пайдаланылмаған зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 130 млрд теңгеден асады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.