Қазақстанда зәйтүн өсірілмек

28 ноября 2024 года

Қазақстан өзін бананмен жалпы қажеттіліктің 1%-ын қамтамасыз етеді. Енді зәйтүн өндірісі жолға қойылмақ, деп хабарлайды LS.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов сенат аясында Қазақстан аумағында зәйтүн мен банан өсіру жобаларына қатысты пікір айтты.

"Түркістан облысында мың тоннаға жуық банан өндіруге бағытталған инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл Қазақстанға импортталатын жалпы бананның шамамен бір пайызын құрайды. Қазіргі кезде баға конъектурасын, өнімді жеткізу шығындарын ескере отырып, бұл банан құны ішкі нарықтағы бағамен бәсекеге қабілетті болуы мүмкін. Кәсіпкерлерде бүкіл партия бөлінген. Ірі сауда желілері де бананды ірі көлемде алуға мүдделі. Ресейліктер де бұл жобаға қызығушылық танытты", – деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр алдағы жоспарда Түркістан облысында зәйтүн өсіру қолға алынатын жеткізді.

"Еліміздің батысында да осындай инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Эксперимент жүргіздік, жақсы көрсеткіштер бар. Бұл біздің өндірушілерге дәстүрлі жеткізушілермен баға бойынша бәсекелесе алатын жобалар болады деп үміттенеміз", – деп атап өтті ол.

Вице-министрдің пайымдауынша, Қазақстанда басқа да экзотикалық жемістерді өсіру жоққа шығарылмайды. Барлық мәселе оның тиімділігінде деді ол.

Бұған дейін, жергілікті жемістердің қай елдерге сатылатыны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.