Қазақстанда Яндекс.Такси мен дүкендерге қатысты тергеу басталды

Елде бәсекелестікке қарсы әрекеттер дерегi бойынша сегіз тергеу жүргізілуде

18 января 2022 года

Қазақстанда "Яндекс. Таксиге" қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды LS.

"Сенім телефоны арқылы келіп түскен арыз-шағымдар аясында Агенттік "Яндекс.Такси" такси агрегаторына экономикалық қызметті үйлестіру, яғни оның әрекетін осы нарықта жұмыс істемейтін үшінші тұлғамен келісу белгілері бойынша тексеру тағайындады", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, дизель отыны нарығында 12 тергеу жүргізілуде. Олардың ішінде төрт ірі автомобильге жанармай құю станциясы бар: "Гелиос", Sinooil, "Газпромнефть-Қазақстан" және PetroRetail.

Сонымен қатар, Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда қазір бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер мен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша сегіз тергеу жүргізілуде. Олардың алтауы – тауық жұмыртқасы, біреуі – қант, біреуі – тауық өндірушілерiне қатысты.

"Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтеру фактілерін жедел анықтау және жолын кесу үшін хабарламалар қабылдау үшін жедел желі құрылды. Бүгінгі күні Агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде қоңыраулардың 50%-ы Алматы, 30%-ы Нұр-Сұлтан және 20%-ы басқа өңір тұрғындарынан келіп түсті. Сонымен қатар, әлеуметтік азық-түлік бағасының 70%-дан асып кету фактілері бойынша", - деді ведомство басшысы.

Көп жағдайда тауарлардың бағасын бөлшек сауда субъектілері, атап айтқанда, 15% сауда үстемесін сақтамайтын үй жанындағы дүкендер көтереді, деп қосты ол.

Монополияға қарсы мекеме барлық келіп түскен өтініштер бойынша өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдайды. Осылайша, бөлшек сауда дүкендеріндегі бағаны көтеру бойынша шағымдар әкімдіктерге, басқалары құзіреті бойынша уәкілетті органдарға беріледі, деп түсіндірді Жұманғарин.

"Осыған байланысты "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес әкімдіктер тарапынан саудаға бақылау-қадағалау функцияларын күшейту қажет", - деп есептейді ол.

Агенттік басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарықтарында бағаны ұстап тұру және 10%-ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалғанын атап өтті. Осылайша, 5 қаңтардан бастап өңірлер бөлінісінде әлеуметтік өнімдердің барлық позициялары бойынша бағаларға мониторинг күнделікті жүргізіледі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
сегодня
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
вчера
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
вчера
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
вчера
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
вчера
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
вчера
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.