Қазақстанда тұтынушылық несиелеу шарттары қайта қаралмақ

31 октября 2023 года

Қазақстанда тұтынушылық несиелерді алу шарттарын қатаңдату және оларды барлығына қолжетімді етпеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды LS.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, заңнамалық түзетулер әзірленуде.

"Осыған байланысты төмендегілерге назар аудару қажет. Бірінші. Несиелендіру мәселелерін түбегейлі шешу үшін банктер мен алушылардың санаттарында тұтынушылық несиелеу шарттары бойынша шектеулер енгізу қажет. Микроқаржы ұйымдарының, әсіресе жалақыға дейін қарыз беретін несиелеудің шекті мөлшерлемелерін, сомалары мен мерзімдерін қайта қарау керек. Барлық ұсынылған заңнамалық түзетулер пысықталып, жыл соңына дейін Парламентке енгізілсін. Бұл шаралар азаматтардың борыштық жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеуге және тұтынушылық несиелеудегі тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді", -деп тапсырды ол.

Екінші: оның айтуынша, білім министрлігі оқу бағдарламалары шеңберінде қаржылық сауаттылық курстарын енгізу мәселесін пысықтауы тиіс.

"Үшінші. Халықты шамадан тыс несиелендіру мәселесін шешудің бір құралы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру институты. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды. Алайда барлық борышкерлер бұл процедураны пайдалана алмайды. Проблемалық қарыз алушыларды қамтуды кеңейту үшін қаржы министрлігі жыл соңына дейін құжаттар тапсыруды жеңілдетіп және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Аталмыш шара жай ғана қарызды есептен шығару дегенді білдірмейді. Бұл үлкен жауапкершілік пен белгілі бір шектеулерге ие маңызды қадам", - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы.

Төртінші, премьердің айтуынша, банк саласындағы интернет-алаяқтық мәселелерін шешу. Соңғы жылдары мұндай фактілердің саны бес есе өскен. Ағымдағы жылдың басынан бері 15 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. Жалпы келтірілген залал 13 млрд теңге. Оның 65%-зын шетелден келген алаяқтар жасаған.

Осыған байланысты Смайылов ішкі істер министрлігіне осындай жағдайлардың мониторингін күшейтуді, алаяқтық фактісі бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды.

"Бесінші. Халықты несиелендіру мәселесін ұтымды шешу жаңа өндірістер мен тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Бұл халықтың табысын арттыруға және несиелендіруді төмендетуге әсер етпек.

Жауапты мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктерге жоспарланған инвестициялық жобаларды, әсіресе шикізаттық емес секторларда іске асыруды жеделдету, сондай-ақ, жаңа жобаларды пысықтау аса маңызды", - деп атап өтті премьер-министр.

Оның айтуынша, қыркүйек айының басында банктердің тұтынушылық несиелерінің жалпы көлемі 9,2 трлн теңгеден асты. Бір қарыз алушыға берешектің орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге болса, оның ішінде проблемалық несиелер сомасы – 1 млн теңгені құрайды.

Бұған дейін, LS редакциясы 10 жыл ішінде Қазақстанда тұтынушылық несиелеу көлемі 7,4 трлн теңгеге өскені туралы инфографика жариялаған болатын.

Айта кетейік, Мәжілісте тұтынушылық несиелеу мәселесіне қатысты депутаттар мен парламенттік тыңдауларға қатысушылар арасында даулар мен түсініспеушіліктер туған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.