Қазақстанда суға тарифтер өсті, деп хабарлайды LS.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қазан айында суық су 3,9%-ға, яғни текше метр үшін 71,02 теңгеге дейін қымбаттады.
Бұл ретте Таразда тариф 27,5%-ға, т.м үшін 69,89 теңгеге дейін оскен. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Семейде су 15%-дан астам қымбаттады. Тоғыз қалада қызмет құны өзгерген жоқ, ал Орал мен Өскеменде 21%-дан астам төмендеді.
Ең қымбат су Ақтауда текше метріне 223,87 теңге. Ең арзан су тарифы Оралда текше метр үшін 36,79 теңге.
Қазақстанда ыстық су 15,5%- ға, текше метр үшін 253,06 теңгеге дейін қымбаттады. Алматыда ыстық су қымбаттырақ – т.м үшін 373,13 теңге, сондай-ақ, бұл қызмет Қарағанды мен Қостанайда 350 теңгеден жоғары. Ең арзан баға – Нұр-Сұлтанда – т.м үшін 123,11 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әр отбасына оңтайлы тұтыну нормасын айқындай отырып, су тарифтерін өзгертуді ұсынған едi.