Қазақстанда шетелдік көліктер заңдастырылады

27 сентября 2022 года

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру жоспарлануда. Ішкі істер министрлігінде LS-ке егжей-тегжейін айтты.

Министрліктің ақпаратынша, үкіметке 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік машиналарды заңдастыру тапсырылғанын түсіндірді. Бастапқы тіркеу және кәдеге жарату төлемдерінің құны 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс.

Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) LS-тің сауалына жауап ретінде қазіргі уақытта заңнамалық актілерге түзетулер әзірленуде екенін жеткізді. Олар азаматтарға әкелінген шетелдік көліктерді қолайлы шарттармен тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, актілерде жария етуді өткізу тетігі көрсетіледі.

"2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген барлық көлік құралдары бойынша ішкі істер, мемлекеттік кірістер және Ұлттық қауіпсіздік органдары (шекара қызметі) арасында ақпарат алмасу мәселелері пысықталды. Мұндай автомобильдер бойынша мәліметтерді ІІМ белгіленген мерзімнен кейін әкелінген автокөліктерді заңдастыруды болдырмау үшін жинақтайды", - деп түсіндірді министрлікте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті заңсыз әкелу мәселесін шешуді тапсырған болатын.

"Алдағы уақытта көліктерді заңсыз әкелудің барлық арналарын жабу үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген осындай автомобильдермен жағдайды реттеу қажет", - деп түсіндірген еді президент.

Өз кезегінде мемлкеттік кірістер комитетінде 121,8 мың автокөлік үшінші елдерден Қазақстан аумағына 2019 жылдан бастап 2022 жылдың шілдесіне дейін уақытша әкелінгенін хабарлады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.