Қазақстанда импорттық азық-түлік бағасы өсті

сегодня

Қазақстанда шетелден әкелінетін өнімдердің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-маусымда импорттық тауарлардың бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 3,4%-ға артқан.

Оның ішінде ТМД елдерінен әкелінетін тауарлардың бағасы 7,4%-ға, ал әлемнің басқа елдерінен импортталатын өнімдер 1,2%-ға қымбаттаған.

Азық- түлік тауарлары арасында импорттық шоколад пен какао қосылған өзге де өнімдер ең көп қымбаттап, олардың бағасы 1,5 есеге өскен.

Қанттан жасалған кондитерлік өнімдердің бағасы 14,3%-ға, балық пен теңіз өнімдері 13,2%-ға, маргарин 13,1%-ға, шұжық пен сосискалар 11,7%-ға, ал ет пен балықтан дайындалған өнімдер 10,4%-ға қымбаттаған.

Күнбағыс, мақсары және мақта майының бағасы 7,4%-ға, сусындар 6,2%- ға, алма, алмұрт және айва 5,8%-ға, ал сүт өнімдері мен жұмыртқаның бағасы 4%-ға өскен.

Ал импорттық еттің бағасы 2,7%-ға, ал шайдың бағасы 4,2%-ға төмендеген.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында да бағаның өскені байқалады.

Ең көп қымбаттаған тауарлар қатарында жалпақ металл өнімдері бар- олардың бағасы 18%-ға өскен. Бояулар, лактар мен шпатлевкалар 15,4%-ға, пиротехника мен сіріңке 14,6%-ға, тыңайтқыштар 14,3%-ға, ал ағаш материалдары 12,3%-ға қымбаттаған.

Сорғыларды импорттау құны 10,2%-ға, әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар 9,6%- ға, оптикалық, фотографиялық және медициналық құралдар 7,6%-ға, ал газет қағазы 7,3%-ға қымбаттаған.

Сонымен қатар жуғыш және тазалағыш құралдардың бағасы 6,3%-ға, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 6%-ға, керамикалық бұйымдар 5,5%- ға, жүктерді көтеру және тасымалдауға арналған машиналар 5,1%-ға, электр жабдықтары 5%-ға өскен.

Ал фармацевтикалық өнімдердің бағасы 8,2%-ға, табиғи газ 4,9%-ға, көмір 4,6%-ға, ал теміржол көлігі мен жабдықтардың құны 1,9%-ға төмендеген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.