Қазақстанда ет пен қарақұмық қымбаттады

Көкөністердің бағасы әсіресе Семей, Өскемен, Қызылордада өсті

28 февраля 2020 года

2020 жылдың ақпан айында өткен аймен салыстырғанда қияр 18,5%- ға, қызанақ 12,7% - ға қымбаттады, деп хабарлайды LS.

Қияр Семейде (44,2%-ға) және Өскеменде (34,1%-ға) қымбаттады. Бұдан басқа, осы көкөністерге баға Петропавлда 27%-ға, Нұр-Сұлтанда-22,1%- ға, ал Қарағанды мен Таразда-20,8%- ға өсті.

Өз кезегінде қызанақ Қызылордада 22,1%-ға, Өскеменде 18,9%-ға, Таразда 18,6%- ға, Алматыда 17,6%-ға қымбаттады.

Бұдан басқа, ақпан айында қызылша 1,9%-ға, қырыққабат – 1,8%-ға, пияз – 1,7%-ға, сәбіз – 1,5%-ға, алма – 1,4%-ға, ал картопқа  – 1,1%-ға бағалар өсті.

Бұл ретте қарақұмық жармасы 2,2%-ға, макарон, ұн – 1,2%, ұнтақ жармасы – 0,6%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан – 0,4%-ға қымбаттады.

Қой еті – 1,4%- ға, жылқы еті  – 1,2%- ға, сиыр еті – 1%- ға, сиыр бауыры – 0,9% - ға, шошқа еті  – 0,7%-ға, шұжықтар – 0,5%-ға қымбаттады.

Баға сары майға 1,9%-ға, айран  – 0,8%-ға, майонез және қаймақ  – 0,5%-ға, сүтке, сүзбе мен ірімшікке  – 0,4%-ға өсті, ал жұмыртқаға 1,6%-ға төмендеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.