Қазақстанда ЦОН-дар біртіндеп жойылады

вчера

Алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) цифрлық кеңселер форматына көшіріледі, деп хабарлайды LS.

Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкиннің айтуынша, ЦОН-дарды жаңа форматқа кезең-кезеңімен көшіру жоспарланып отыр. Негізгі басымдық – өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне беріледі.

Оның сөзінше, болашақтағы ЦОН-дар селф-аймақтар мен өзіндік қызмет көрсету кеңістіктері түрінде жұмыс істейді. Ал орталық қызметкерлері негізінен кеңес беру және азаматтарды мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алуға үйрету функциясын атқарады.

Бұл ретте халықтың түрлі қажеттіліктері ескерілмек. Бір бөлігі мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуды әлдеқашан таңдаса, енді бір азаматтар үшін жеке келіп, оператордың көмегіне жүгіну әлі де маңызды. Осыған байланысты ЦОН-дарды трансформациялау үдерісі біртіндеп әрі баяу жүзеге асады. Қалаларда дәстүрлі қызмет көрсету аймақтарының белгілі бір бөлігі сақталады, деді вице-министр.

2026 жылдан бастап онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны артады. Жеке куәлікті жоғалтып алған жағдайда қайта рәсімдеу, паспортты алғаш рет алу сынды қызметтер цифрлық форматқа көшеді. Бүгінде жүргізуші куәлігін қайта алу онлайнға ауысқан, ал оны алғаш рет алу үшін өтініш тек интернет арқылы қабылданады.

"Азаматтар цифрлық қызметтерді меңгерген сайын, ЦОН-дарға келу жиілігі азаяды", – деді Р. Коняшкин.

Сонымен қатар, Қазақстанда ЖИ-вице-министрлердің пайда болу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Вице-министр бұл мәселе қазіргі уақытта қарастырылмайтынын, өйткені саяси лауазым иелері қабылданатын шешімдер үшін жеке жауапкершілікке ие екенін атап өтті. Алайда шешім қабылдау процесін қолдайтын кеңесші ЖИ-модельдерді дамыту құпталады.

"Кеңес беретін әрі шешім қабылдауға көмектесетін модельдерді дамыту бағыты біз үшін маңызды. Тарихи деректер арқылы оқыту – бастапқы кезең ғана, ал ЖИ-ді тікелей жұмыс процесіне енгізіп, кері байланыс беру оның сапасын едәуір жақсартады", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде жасанды интеллект тек көмекші құрал ретінде қолданылып отыр. ЖИ-модельдер 95-97% жағдайда дұрыс жауап беретін деңгейге жеткенде ғана оларға кейбір функцияларды беру мүмкіндігі қарастырылады. Ал әзірге ол тек шешім қабылдауға жәрдемдесетін құрал ретінде пайдаланылуда.

Сөз соңында Р. Коняшкин болашақта жеке ЖИ-көмекшілер дамып, азаматтардың күнделікті өмірін айтарлықтай жеңілдетеді деген үмітін білдірді.

Бұған дейін, арнайы ЦОН қызметкерлерінің көліктерді тіркеу барысында заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда ЦОН қызметкерлерін жеке деректердің таралуына жауапты ету мәселесі де қарастырылып жатыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.