Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлер шетелдіктер мен қандастарға берілмейді

2 марта 2023 года

Қазақстандық шенеуніктерге ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге бергені үшін 103 мың теңгеге айыппұл салынады, деп хабарлайды LS.

Сенат айыппұлдар туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) түзетулерін мақұлдады

"Енді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру кезінде заңды бұзғаны үшін шенеуніктерге 30 АЕК (103,5 мың теңге) айыппұл салынады. Атап айтқанда, шетелдің қатысы бар заңды тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға, сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған қазақстандықтарға учаскелер бергені үшін айыппұлдар тағайындалатын болады. Бұрын бұл норма шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ғана қатысты болатын", - деп хабарлады сенатта.

Бір жыл ішінде бұзушылық қайталанса айыппұл сомасы екі есеге – 60 АЕК (207 мың теңге) дейін артады.

Бақылауды әкімдіктер емес, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қолға алады.

"Бұдан басқа, заң шеңберінде жердің пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктерін қайта қарау көзделеді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деді сенат басшысы Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек түзетулер азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке және халықтың мұқтаждығына арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің шекаралары шегінде шабындық алқаптармен қамтылған жер учаскелерін пайдалануға тыйым салатынын айтты.

"Бұдан басқа, әкімдіктер бос жер учаскелері және жоспарланған сауда-саттық (аукциондар) туралы ақпаратты мемлекеттік тізілімнің веб-порталында интернет-ресурстарда және халық үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде орналастыруға және тоқсан сайын жаңартып отыруға міндеттенеді. Нормалар сонымен қатар жер пайдаланушыны уәкілетті органға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі басқа жер пайдаланушымен жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жөніндегі мәміле жасасқаны туралы хабарлауға міндеттейді", - деді ол.

Айта кетейік, сенат "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екі оқылымда қабылдады, әрі қарай ол президентке қол қоюға жіберіледі.

Бұған дейін, жерді заңсыз таратқан аймақтар туралы ақпарат жарияланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
сегодня
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
вчера
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
вчера
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
вчера
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
вчера
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
вчера
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.