Қазақстанда 180 млрд теңгеге қоқысты жағатын зауыттар пайда болады

Қалалар тізімі қайта қаралды

14 мая 2021 года

Биыл Қазақстанның алты қаласында қоқыс жағатын зауыттар салу жоспарлануда. Инвестиция көлемі – шамамен 180 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды LS.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аймақтарды таңдау кезінде қоқыстың пайда болу көлемі ескерілгенін хабарлады. Зауыттардың орналасқан жерін анықтаудағы тағы бір фактор қалдықтар мен қоқысты сұрыптау кешендерінің бөлек жиналуы болды.

Зауыттар салуға қалаларды таңдау кезінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Атырау қалалары қарастырылған.

"Алайда Тараз бен Атырауда қоқыс жағатын зауыттардың құрылысы экономикалық өлшем бойынша орынсыз және техникалық мүмкін емес болып отыр", - деп түсіндірді министрлікте.

Сонымен қатар, осы екі қаланың орнына кәсіпорындарды орналастыру бойынша әлеуетті орындар тізіміне Қарағанды мен Өскемен қаласы енгізілгені атап өтілді.

"Wаstе to Energy тетігін енгізу аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен қалаларында қоқыс жағатын зауыттар салу жоспарлануда", - деп хабарлады ведомствода.

Бұл жобаларға салынатын инвестиция көлемі шамамен 180 млрд теңгені құрайды.

Нысандарды салу биыл басталса, іске қосу 2024 жылға жоспарланған. Техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттамасы да әзірленетіні хабарлады. Алайда мерзімдері белгісіз.

Министрлікте сондай-ақ, әрбір зауытта елді мекендерге байланысты 70-тен 120-ға дейін жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бұған дейін LS, елде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату механизмі енгізіліп, содан кейін электр энергиясы өндірілетінін жазған болатын.  Алты өндірістің ашылуы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.