Қазақстанда қоныс аударушыларға төленетін жәрдемақы көлемі қандай

10 января 2023 года

Солтүстік және Орталық Қазақстанға қоныс аударушылар 2023 жылы 241 мың теңгеден астам біржолғы төлем алатын болады, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы ағымдағы жылы 566 адамға 8 652 адамға дейін өсті.

Оның ішінде қандастар үшін Солтүстік Қазақстан (138 адам), Қостанай (150 адам), Абай (196 адам), Шығыс Қазақстан (239 адам), Ақмола (270 адам), Павлодар облыстарына (932 адам).

Қоныс аударушылар үшін Қарағанды (33 адам), Ұлытау (120 адам), Абай (238 адам), Шығыс Қазақстан (305 адам), Қостанай (530 адам), Солтүстік Қазақстан (2 660 адам), Павлодар (2 841 адам) облыстары анықталды.

Оларға бірқатар субсидиялар беріледі. Олардың ішінде отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК (241,5 мың теңге) біржолғы төлем беріледі. 2022 жылы бұл сома 222,6 мың теңгені құрады.

Ай сайын төленетін тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстар үшін 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) бөлінеді.

Еңбек министрлігіне 1991 жылдан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстанға 1,1 млн этникалық қазақ оралғанын атап өтті. 2022 жылы қандастар мәртебесін 19,2 мың адам алды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.