Қазақстан спутниктік интернетке қашан көшеді

4 сентября 2023 года

Цифрлық даму министрлігінде LS-ке спутниктік интернет Қазақстан ауылдарына қашан келетінін айтты.

Министрліктің мәліметінше, бүгін елімізде спутниктік интернет қызметін байланыс операторлары негізінен корпоративтік бизнес-сектор мен мемлекеттік органдар үшін жүзеге асырады. Ол үшін KazSat сериялы отандық ғарыштық байланыс жүйесі қолданылады.

Сонымен қатар, министрліктің хабарлауынша, Oneweb (Ұлыбритания), O3b mPower (SES компаниясы, Люксембург), Starlink (ЅрасеХ компаниясы, АҚШ) және т.б. сияқты компаниялардан Қазақстан нарығына геостационарлық емес спутниктік орбитасы жүйелерінің (ГЕСО) кіруі олардың жалпы Орта Азия өңіріндегі мүдделілігіне және техникалық дайындығына байланысты. Шағын шалғайдағы ауылдарды интернетке қосудың болжамды мерзімдері – 2023 жылғы IV тоқсан.

"ГЕСО әлеуетті пайдаланушысы сол кезде таңдалған провайдерге және ұсынылған тариф бойынша қызмет құнына байланысты спутниктік терминалды сатып алу шығындарын көтереді. Баға саясаты, әрбір провайдердің қажетті жабдықтары жеке болып табылады, қызмет көрсету кезінде қалыптасады", - деп түсіндірді министрлікте.

Министрлік ГЕСО-ның геостационарлық жүйелерге қарағанда негізгі негізгі артықшылықтары жоғары өткізу қабілеттілігі (100-500 Мбит/сек) және сигналдың төмен кідірісі (30-150 мс) екенін қосты. 

Бұған дейін, LS редакциясы OneWeb және SES Қазақстанда жерүсті шлюз станциясын салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.