Қазақстан Германияға 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алады – Ақшолақов

11 января 2023 года

Қаңтар айында Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында, Қазақстан аталмыш Еуропа еліне 6 млн тоннаға дейін шикізат жеткізе алатынын айтты.

"Германияның қажеттілігі, әрине, жоғары. Экспорт Ресей Федерациясының шекарасы арқылы өтетіндіктен әріптестерімізден ресми растауды күттік. Осы күнге ауызша растауды алдық, жазбаша түрде әлі жоқ. Мұнай жеткілікті", - деді ол.

Бұл ретте ол Қазақстанның көрші ел арқылы мұнай тасымалдауда қиындық болмағанын еске салды.

"Бұған қатысты Ресей Федерациясымен үлкен проблемалар болған емес. Жалпы жылдық көлем 1,5 млн тоннаға дейін болуы мүмкін. Максималды біз жылына 6 млн тонна мұнай бере аламыз,", - деп түсіндірді министр.

Министр сондай-ақ бірінші партияны жеткізу мерзімдерін атап өтті.

"Растауды алғаннан кейін көлік ұйымдары шартқа қол қоюы керек. Бірінші партия – 20 мың тонна көлемінде қаңтарда жөнелтілмек, содан кейін жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда", - деп түйіндеді Ақшолақов.

Бұған дейін, UBS швейцариялық қаржы холдингі мұнайдың барреліне $100-дан жоғары бағасын болжаған болатын.

LS редакциясы сондай-ақ, Қазақстанның қара алтынды қай елдерге экспорттайтыны туралы инфографика жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.