Қазақстан Еуропаға дәрі экспортын жолға қойды

вчера

Қазақстан шетелге дәрі-дәрмек сатуды ұлғайтты. Ал импорт, керісінше, азайды, деп хабарлайды LS.

2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елде 56,1 млрд теңгеге дәрі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен өзгеріссіз қалды (–0,3%).

Сонымен қатар экспорт 40,3%-ға өсіп, 3,8 мың тоннаны немесе $17,7 млн-ды құрады.

Атап айтқанда, Ресейге 2,8 мың тонна дәрі жөнелтілді (1,8 есе өсті), Қырғыстанға – 788 тонна (-2,6%), Өзбекстанға – 100 тоннаға жуық (-3,3 есе).

Бұдан бөлек, фармацевтикалық өнімдер Словенияға – 8,4 тонна (+25,3%), Түрікменстанға – 29,3 тонна (2,9 есе көп), Нидерландыға – 7,9 тонна (369 есе өсім) көлемінде экспортталды.

Сатып алушылар қатарында Моңғолия, Кипр мен Молдова да бар.

Ал импорт көлемі 6,5%-ға төмендеп, 9,9 мың тонна немесе $733,4 млн болды.

Атап айтқанда, Үндістаннан әкелінген дәрі көлемі 17,6%-ға (700 тонна), Германиядан – 22,3%-ға (686,4 тонна), Франциядан – 17,7%-ға (431,3 тонна), Испаниядан – 12,6%-ға (191,5 тонна), ал Ресейден – 12,8%-ға (2,6 мың тонна) азайды.

Есесіне, Қытайдан сатып алынған дәрі көлемі 1,5 есе өсіп, 1,8 мың тоннаға жетті. Сонымен бірге, Польшадан- 548,4 тонна (+26,7%), АҚШ-тан- 43,1 тонна (+2,4 есе) әкелінді.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстандағы дәрі бағасы мен дәрігер қызметтерінің құны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.