Қазақстан бойынша 5G желісін қосуға қанша қаражат жұмсалмақ

31 октября 2022 года

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барлық облыстық және аудандық орталықтарын 5G-мен қамтуға уәде берді. LS тілшісі бұл үшін қанша қаражат жоспарланғанын білді.

Бекітілген ұлттық жобаға сәйкес, 2023 жылы 5G желісі үш қаланы қамтиды. 2025 жылы мұндай қалалардың саны 14-ке дейін өседі. Цифрлық даму министрлігінің күтуінше технологиялық бейтараптықты қолдану және 5G және 4G-ге көшу есебінен елді мекендер 2G/3G-ден кезең-кезеңімен бас тартады. Қала маңында интернет FWA арқылы таратылмақ.

2021-2025 жылдары 5G-мен қамту үшін барлығы 442 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл ретте барлық қаржыландыру бюджеттен тыс, яғни операторлардың есебінен жүзеге асырылады.

Оның ішінде 2023 және 2024 жылдарға 110,5 млрд теңгеден, 2025 жылға 221 млрд теңге жоспарланған.

Нәтижесінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының 15,7%-ы байланыс жабдықтарын жаңарта алады.

Бұған дейін, LS Қазақстанның өңірлерінде 5G үш жыл ішінде пайда болатынын хабарлаған болатын.

Қазақстан бойынша 5G желісін қосуға қанша қаражат жұмсалмақ

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.