Қазақстанға заңсыз шығарылған 670 млрд теңге қайтарылды

Кедендегі бұзушылықтар бойынша тергеу жүргізілуде

20 апреля 2023 года

Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы LS-ке мәжілісте қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

"Ресми деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 670 млрд теңге қайтарылды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура береді", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, қаржы министрлігінің басшысы өткен жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеден саласында тәртіп орнатуды тапсырғанын еске салды.

"Бiз көптеген бұзушылықтарды анықтадық. Бас прокуратурамен бірлесіп жұмыс тобы құрылып, анықталған барлық фактілер құқық қорғау құрылымдарына берілді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бюджет уақытылы төленбеген сомалармен толықты. Өткен жылы салық төлемеген құқық бұзушылардан шамамен 50 млрд теңге өндірілді. Онда бұзған бірнеше экономикалық операторлар болды", - деп түсіндірді Жамаубаев.

Спикер нақты операторлардың тізімін айта алмады.

"Олардың саны өте көп. 15-тен астам экономикалық операторлар болды. Нақты қандай сомалар бойынша қандай қылмыстық істер жүргізілгені туралы құқық қорғау органдары жауап бере алады. Мен бюджетке қанша түскеніне ғана жауап бере аламын – бұл шамамен 50 млрд теңге", - деп түйіндеді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, үш жыл ішінде шетелге 450 млрд теңгеден астам қаражат шығарылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.