Қазақстанға келген шетелдік турист орта есеппен $1,5 мың жұмсайды

24 апреля 2023 года

Шетелдік турист Қазақстанда орта есеппен 1,5 мың доллар жұмсайды. Бұл туралы LS-ке мәдениет және спорт министрлігінде хабарлады.

Министрлікте берген ақпарат бойынша, 2022 жылы Қазақстанға шетелден 4,7 млн азамат келген. Ал Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, алыс шетелден келген бір шетелдік қонақтың орташа шығыны 1,5 мың долларды құрайды.

Орташа алғанда, туристер елде төрт күннен артық аялдамайды.

Шетелдіктер ең көп уақыт өткізген жер Маңғыстау облысы – 7-12 күн. Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаға жуық, Алматыда – үш-бес күн тоқтаған. Еліміздің қалған өңірлерінде екі-үш күн, ал Қызылорда облысында - бір күн болып демалған.

Министрлікте атап өткендей, туристерді орналастыру орындарында 2022 жылы 928 мың шетелдікке қызмет көрсетілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 1,4 млн шетелдік қонаққа жеткізу жоспарлануда.

Өңірлер бөлінісінде қонақүйлерде тұратын шетелдіктер бойынша көшбасшылар қатарында Алматы қаласы – 417,3 мың адам. Одан кейін Астана (238,5 мың адам), Маңғыстау облысы (41,3 мың адам), Шымкент (36,5 мың адам), Ақтөбе облысы (31,6 мың адам), Атырау облысы (23,1 мың адам). Қалған облыстарда қонақтар саны 20 мың шетелдіктен аспайды.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда туристердің демалған аймақтары туралы инфографика жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.