Қазақстанға көші-қон күрт азайды

14 мая 2025 года

Қазақстанда көші-қон қарқыны екі бағытта да төмендеді, алайда елден көшіп кетушілер саны анағұрлым тез азайып жатыр, деп хабарлайды LS.

Биылғы жылдың I тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға шамамен 5 мың адам көшіп келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елден кеткендер саны 1,1 мың адамды құрап, бұл көрсеткіш 3,3 есеге азайған.

Көші-қон сальдосы оң көрсеткішпен аяқталды – +3,8 мың адам.

Қазақстаннан тұрақты тұру мақсатында кеткендердің ішінде ең көбі – 644 адам – әдеттегідей Ресейге қоныс аударған. Алайда бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге аз.

Германияға кеткендер саны – 188 адам, бұл көрсеткіш те 3,1 есеге төмендеген.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Қырғызстанға – 78 адам (+14,7%), Польшаға – 50 (-2,2 есе), АҚШ-қа – 38 (-3,7 есе), Канадаға – 18 (-14,2%), Әзербайжанға – 7 адам (+3,5 есе) қоныс аударған.

Ал Қазақстанға көшіп келгендердің арасында тек Өзбекстаннан келгендер саны артты – 2,6 мың адам (+22,3%).

Басқа елдерден келгендердің саны айтарлықтай қысқарған. Атап айтқанда:

Ресейден – 982 адам (2,3 есе аз),

Қытайдан – 427 адам (1,7 есе аз),

Түрікменстаннан- 180 адам (2,4 есе аз),

Моңғолиядан – 129 адам (4,1 есе аз),

Түркиядан – 57 адам (1,7 есе аз),

Оңтүстік Кореядан – 14 адам (2,5 есе аз).

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.