Қазақстанға энергетикалық апокалипсис қаупі төніп тұр

Бірнеше өңірде электр желілерінің тозу деңгейі 70%-дан асады.

3 декабря 2019 года

Қазақстанда электр желілерінің  60%-ға жуығы орташа тозған деңгейде. Бұл туралы LS тілшісіне энергетика министрлігінде хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ең ауыр жағдай Шығыс Қазақстан облысында-81%, Батыс Қазақстан облысында- 80%, сондай-ақ Қостанай облысында -74% байқалады.

Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, бұл көрсеткішті төмендету мқсатында  Қазақстанда қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, қайта жаңартып қолдау үшін инвестициялық бағдарлама жұмыс істейді. Ал ұлттық экономика министрлігі өз кезегінде аталмыш бағдарламаның орындалуын қадағалайтын болады.

Сонымен қатар, ҰЭМ-де 2018 жылы инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданбағаны атап өтілді, өйткені барлық бағдарламалар 2021 жылға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге бекітілген.

 Энергетика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес жылу және электр энергетикасын дамытуға 230,3 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Соңғы үш жылда 143,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2019 жылы 61,2 млрд теңге. 2020 жылы 46 млрд теңге және 2021 жылға 41,1 млрд теңге.

Өз кезегінде Батыс Қазақстан өңірлік энергия желісі компаниясының (ӨЭК) басқарма төрағасы Жақып Хайрушев LS-мен әңгіме барысында электр желілерінің тозуы- энергиямен жабдықтауды болжауға болмайтын қауіп деп атап өтті. Ол БҚО-да тозудың 80% - ынан барлық облыс кез келген уақытта жарықсыз қалуы мүмкін екенін жасырмады.

"Энергетика стратегиялық және өмірлік маңызды салалардың бірі болып табылғанмен әдетте басқа салалардың көлеңкесінде қалып жатады. Президент пен Үкімет елдің ағымдағы маңызды мәселелерін шешуі тиіс энергетиканы жаңғырту туралы айтады. Бірақ егер ескірген желілер мен электр беру желілерін жаңартпаса, олар тез арада істен шығады. Электржелілік шаруашылықтың мұндай істен шығуы кезінде энергия тапшылығы туындайды. Тозудың үлкен пайызының салдары авариялық ажыратудың жағдайларына жиі әкеліп соғады. Апаттардан басқа, жабдықтың ескіруі оны беру кезінде электр энергиясы ысырабының айтарлықтай артуына алып келеді, бұл соңында тарифтерге әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді Хайрушев.

Сарапшы Батыс Қазақстан облысы электр беру желілерінің ұзындығы бойынша Қазақстанда үшінші орында екенін атап өтті. Алайда БҚО-ның энергияны пайдалы жіберу бойынша артта қалғандардың бірі. Хайрушевтің пікірінше, бұл қаржыландырудағы елеулі айырмашылыққа байланысты.

"Мысалы, БҚО- да жылына 331 млн теңге бөлінсе, көрші Маңғыстау облысында 3 млрд теңге шамасында бөлінеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан АЭК коммуналдық меншікте 20 жыл болды және ең соңғысы сенімді басқаруға берілді. Жергілікті билік электр энергиясының төмен тарифін әдейі ұстап тұрғаны да жағдайды ушықтырды.  Нәтижесінде бұл желілердің жай-күйіне әсер етті. Нәтижесінде-электртехникалық жабдықтар мен желілер тозуы 80%-ға жетті. Жиі істен шыққан трансформаторлар өз цехында жөнделеді,бұл пайдалануды тағы бірнеше жылға ұзартады. Қосалқы станцияларды пайдаланудың тиісті мерзімі- 25 жыл, шын мәнінде олар 40-45 жылдан пайдаланылады. Осының бәрі қазіргі уақыттағы жағдайдың мәз еместігін байқатады",- деді ол.

Хайрушев саланың дамуына арнайы мемлекеттік бағдарламалардың жоқтығы да кедергі келтіретінін айтты. Мысалы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы электржелілік компанияларды қамтымайды.

 "Біз жасыл экономика мен саланы цифрландыру, сандық экономиканы енгізу қажеттілігі туралы айтамыз. Бұл ретте энергия жүйесін тәртіпке келтіру не үшін маңызды екенін түсінбей, содан кейін оны жаңғырта алмаймыз. Әйтпесе, жақында ештененің жақсартудың қажеті де болмай қалады. Кеңес заманынан қалған мұра энергетикалық апокалипсисті күтпестен, бар желілерді толық ауыстыруды және өзіне назар аударуды талап етеді. Жарықтың тұрақты ажыратылуы мен энергиямен жабдықтаудағы іркілістер қоғамда кернеу мен наразылық тудыратынын да ұмытпау керек.  Тек жергілікті компаниялар ғана емес, бұл жерге жалпы атқарушы мекемелер де кіреді",- деді Хайрушев.

Ол электр желілерін қайта жаңартуды "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына енгізу керектігін айтты. Сондай-ақ, мамандардың есептеуінше, БҚО электр желілерін толық жаңғырту үшін алдағы бес жылға 80 млрд теңге қажет. Бұл қаражатпен тозу деңгейін 20% - ға дейін төмендетуге болады. Ал шын мәнінде жылына 330 млн теңге бөлінсе де тозу деңгейі өсуде.

"Біз 80 млрд теңге туралы айтатын болсақ, бұл шамамен Батыс Қазақстан ӨЭК мамандары өз желілерін жаңғыртуды бағалай отырып айтқан сома. Тозудың жалпы пайызын кем дегенде 20%-ға дейін төмендету үшін бес жыл ішінде жылына кемінде 1,5-1,6 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет. Бұл сома әр ӨЭК бойынша әр түрлі", - деп атап өтті Хайрушев.

Бұдан басқа, Хайрушев ӨЭК қызметкерлерінің жалақысы мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, осы саладағы орташа жалақы 80 мың теңгені құрайды. Осының салдарынан кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Сондай-ақ, сарапшы, орта жасы 28 жыл құрайтын арнайы техниканың кезең-кезеңімен жаңартылуына назар аудару қажет.

"Егер тиісті шаралар бірден қабылданбаса, бүкіл әлемдік коллапс болмайды. Біздің мамандарымыз өз күштері мен мүмкіндіктеріне қарай БҚАЭК жабдықтарын жұмысқа қабілетті күйде қолдайды. Сонымен қатар, 300 млн теңге жыл сайын ең азы 1,5% бойынша ең тозған желілерді жаңартуға, екі-үш элегазды ажыратқышты және басқа да қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алып орнатуға мүмкіндік береді. Алайда, сандық қосалқы станцияларды қандай да бір толық масштабты қайта құру және орнату туралы сөз болуы мүмкін емес. Мұнда біз БҚАЭК-Қазақстанның бірыңғай энергожүйесіндегі артта қалушылар қатарында боламыз. Электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының ескіру мәселесі өте өткір тұр. Электр желілерінің тозуының жоғары деңгейі- бұл апат жағдайларын арттырып, жаңа абоненттерді қосуға мүмкіндік бермейді. Бұл тұтынушылардың қалталары мен мемлекет бюджетіне ерте ме кеш пе келетін үлкен шығын", - деп қорытты Хайрушев.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын LS Қазақстанда электр қуаты тарифынің қымбаттағаны туралы ақпарат жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.