Қазақстанға бір жарым ай ішінде 167 мыңға жуық ресейлік келді

28 апреля 2022 года

1,5 ай ішінде Қазақстанға 166 мыңнан астам ресейлік келді. Бұл туралы LS-ке Ұлттық қауіпсіздік комитетінде хабарлады.

Мемлекеттік органның ақпараты бойынша, жыл басынан 18 сәуірге дейін Қазақстанға 278 221 ресей азаматы келген. Оның ішінде жұмыс мақсатымен келгендер саны – 13 988 адам. Егер 24 ақпаннан бастап кезеңді қарастыратын болсақ, онда республикаға 166 670 ресейлік (59,9%) келді, жұмыс мақсатында – 7 673 адам.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 5 869 Украина азаматы келді (жұмыс мақсатында – 770 адам). Оның ішінде 24 ақпаннан бастап – 2 896 украиндықтар (253 адам).

Беларусь азаматтары 23 942 (жұмыс мақсатында – 235 адам) келді. 24 ақпаннан бастап – 14 982 белорус (235 адам).

Жалпы, ҰҚК ақпараты бойынша, 1 қаңтар мен 18 сәуір аралығында Қазақстанға 840 478 шетелдік азамат келген. Жұмыс іздеп келген – 125 122 адам.

Жоғарыда аталған елдерден басқа Өзбекстаннан 300 мыңнан астам азамат, Қырғызстаннан – 100 мыңнан астам, Түркиядан – 20 мыңнан астам адам келді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.