Tele2: Біз дискаунтер емеспіз

25 июня 2011 года
Жанболат МАМЫШЕВ Tele2 шведтік холдингі – қазақстандық телекоммуникациялар нарығында жаңа әрі өте айқын құбылыс. Бүгінде бұл байланыс туралы елдің барлығы бір ауыздан айта бастады. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС төрағасы Андрей Смелковтың айтуынша, адамдар оператордың барлық жарнамалық акцияларына белсенді қатысады. ВымпелКом/Beeline –ның бұрынғы әріптестерінің тәжірибесі Теlе2-ге қаншалықты қажет  болды, қаншалықты пайдасы тиді? Ол өзінің базалық станциясының желісін қалайша нығайтпақшы? Бұл жөнінде А.Смелков LS-ке сұхбатында кең тұрғыда баяндап берді. - Теlе2 2011 жылы Қазақстанда 1,2-1,4 млрд шведтік крондарды немесе 180-212 млн ақш долларын инвестициялауды жоспарлап отырғанын мәлім етті. ВымпелКом/Beeline 105 млрд тенге немесе 720 млн АҚШ долларын Қазақстандық желіге 4 жылдан бері салып отырғаны жайында ресми мәлім етті. Локальды нарықтың 20-30% үлесін жаулап алу мақсатында бұл байланыс инвестициясын ұлғайтпақшы ма? - Шынында да біздер 2011 жылы желінің құрылуы мен дамуына кем дегенде 31 млрд тенге (1,4 млрд шведтік крон) капитал салмақ ойымыз бар. Бұл көлемді инвестиция деген сенімдеміз.Осындай әрекет арқылы базалық станциямызды 2010 жылғы көрсетпішпен салыстырғанда 3 есе арттырмақ ойымыз бар. CAPEX-тен өзге (активтерді иелену мен модернизациялауға жұмсалған капиталды шығындар) ОРЕХ-ті (операциялық шығындар) инвестициялаумен айналысамыз. Біріншіден, басты мақсатымыз – Қазақстанның әрбір аймағында Теlе2-нің коммерциялық тұрғыдан іске қосылуына дайындық іс шараларын ұйымдастыру мен жүргізу болып отыр. 2012 жылға арналған іс шаралар кейіннен, 2011 жылғы желі құрылысының қорытынды нәтижелерін ескере отырып жоспарланбақшы. Алайда инвестиция деңгейін тікелей салыстырудың дұрыс емес екендігін ескерген жөн. Себебі, компаниялардың алдына әр түрлі мақсаттар мен міндеттер қойылады. Бүгінде біз таралу аймағы мен байланыс мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеп отырмыз. 2G және 3G стандартын қолдайтын сапалы байланыс орнатуға ұмтылудамыз. Сонымен қоса, әрбір компанияның өзіндік саяси көзқарастары мен желілерді құрудағы өзіндік шешімін табу жолдары бар екенін ескеруге шақырамыз. Былтыр маңызды тендер жүргізіліп, су жаңа құрылғыларды жақсы бағаға сатып алу бағымызға бұйырды. - Оператор өз жұмысын бастаған аймақтарда жаңа және бұрынғы абоненттер байланыс сапасынынң төмендігін айтып жар салуда. Дауыстың дұрыс естілмеуі, WAP және 3G желісіне қатысты мәселелер көтеріліп жатты. Қалай ойлайсыз, осы олқылықтар Билайн оператры сияқты 2100 МГц жиілігін пайдаланбай, 900 МГц жиілігін қолданғанның салдарынан туындап отырған жоқ па? Абоненттік базаның күрт өсуіне техникалық тұрғыдан дайынсыздар ма? - Сіздің сұрағыныңыз көптеген аспектілердің басын ашуға мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл сапа. Қандай негізге сүйене отырып, «жаңа және бұрынғы абоненттер байланыс сапасынынң төмендігін айтып жар салғанын» анықтап отырсыз? Арнайы әлеуметтік ғылыми зерттеу жүргізілді ме әлде сіз бір екі адамның аузынан естіген сөздерге немесе әлеуметтік желілердегі бірнеше комментарийлерге сүйеніп осындай қорытындыға келіп отырсыз ба? Жекеленген техникалық ақаулардың бар екені сөзсіз. Себебі, байланыс әлі де болса жаңа. Соңғы айларда біз үлкен жұмыс тындырдық. Мәселен, еліміздің әрбір аймағында ондаған жаңа базалық станциялар бой көтерді, осы арқылы территориялық ауқымымызды кеңейтуді мақсат қылып отырмыз. Барлық ескі станцияларымызды 3G стандартын қолдайтын жаңасына ауыстырдық. Бүгінгі күні желіні оңтайландыру мен икемдеу сияқты жұмысымыздың екінші кезеңіне аяқ басып отырмыз. Дегенмен, абонентттер тарапынан байланыс сапасына байланысты үндеулер түсіп жатады, ал біз сол мәселелерді неғұрлым тез арада шешіп отыруға ұмтыламыз. Осының арқасында байланысымызды оңтайландырып, кемшіліктердің орнын толтырып, сапамызды жақсарта алатын мүмкіндікке ие болып отырмыз. Енді кезекте жиіліктер хақында айтар болсақ, жақында біз 900 МГц жиілігінде 3G және 2G-ді қолдайтын сапалы байланыс орнатуға тырыстық. Бұған  арнайы рұқсат қағаздарды алған болатынбыз. 2100 МГц қажетті 4 есе көп базалық станцияларды салдыру қажеттілігінен құтылып отырмыз. 3G мен 2G бір базалық станцияда, бір жиелік диапазонында қолдану әлде қайда тиімдірек. Себебі, құрылғылардың сәйкестігінде проблемалардың, қиындықтардың болмауына байланысты сапасын анағұрлым жақсаруға мүмкінділігі бар. Абоненттік базаларымыздың  900 МГц жиілігінде жұмыс жасауы дауыстың дұрыс естілмеуі тәрізді мәселелерді тудыра қоймайды. Әйткенмен, жақын арада 2100 МГц диапазонындағы жиілікке көшіп, мүмкіндіктерімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Біз дискаунтер- компания ретінде шығындарымызды оңтайлы жұмсап, керек ресурстарымызды қажет болғанда ғана сатып аламыз. Нарықта түрлі стратегиялар кездеседі. Мәселен, соның бірі қажетті ресурстарды алдын ала алып қойып, «адам аяғы баспаған жерде» байланыс желісін құрып жатады. Мұндай мысалдар өте көп. Ал шведтік дискаунтер-компанияда логика мүлде басқадай. Біз абоненттерімізді дұрыс тұтынушылар тәртібін ұстануға шақырамыз. - Операторлар промо акциялар мен жарнамаға белсенді араласа ма? Жаппай абоненттерге тартымды тарифтер мен байланыс сапасының жоғарылығы жеткіліксіз деп ойламайсыз ба? - Әрине, төңкерілісшіл төмен баға мен байланыс сапасының жақсы болуы қуантарлық жағдай. Ал осындай жағымды хабарлардың халықтың құлағына жетуі үшін жарнама және өзге де корпоративтік және маркетингтік құралдар қажет екені даусыз. Халық үнемі тосын жаңалықтарды естуге құмартып отырады, ал біз өз кезегімізде әрбір облыс орталығында тосын мерекелерді ұйымдастырып отырамыз. Біз маркетингтік шығындарды үнемдеудің бірден бір оңтайлы жолы ­­– қызықты жарнамалар беру, қоғамдық пікірмен белсенді жұмыс жасау, ғаламтордағы әлеуметтік желілерде ашықтық пен жариялылық қамтамасыз ету болып табылады. Егер байқаған болсаңыз, қала көшелерінде біздің жарнамамыз көп емес, ал бұл шығын аз болады деген сөз. Осыған қарамастан, инвестициялардың әсері көңілден шығады. - Теlе2 орынды шығындар идеясын насихаттайды. Берген сұхбаттарыңыздың бірінде, Теlе2 қызметкерлерінің барлығы корпоративті саясатты ұстанып, эконом класспен ұшатыны жайында айтқан болатынсыз. Бұл әрекеттердің барлығы абоненттерге арзан байланыс ұсыну үшін жасалып отыр ма? Өзіңіз қандай класпен ұшқанды ұнатасыз? Бизнес-класпен ұшатыныз туралы ұзын құлақтан естіген болатынбыз)))))))))) - Компанияның топ менеджері қызметінің спецификасы сол – жұмыс бабы бойынша жыл бойы ұшумен өтеді. Мұны да ескерген жөн. Ал егер Теlе2 саясатына тоқталсақ, барлық қызметкерлерге билет бағасы бірдей. Барлығы да эконом класспен ғана ұшады. Тіпті топ – менеджердің өзі. Себебі, тұтынушылар немесе акционерлер бизнес-класспен ұшуымызды қамтамасыз етпейді. Алайда, егер қызметкер өзінің жеке шаруаларына байланысты ұшу керек болса, өз қаражатына билетті сатып алып, кез келген, өзіне ыңғайлы қызмет көрсету классын таңдай алады. Сонымен қатар, авиакомпанияның ниеттестігіне байланысты бизнес-класпен ұшып келуге әбден болады. Жинақталған миляңызға байланысты қызмет көрсету классын жоғарылата немесе сатып ала аласыз. Мәселен, осындай бағдарламаларды  көптеген авиакомпаниялар ұсынады. Атап айтсақ, AirAstana-да – NomadClub, Аэрофлотта - Аэрофлот Бонус ,  Lufthansa-да - Miles&More және т.б. Осындай дисконттық бағдарламаларды қолдану Теlе2 ұсынатын оңтайлы тұтынудың бірегей мысалы болып табылады. - Beeline-ның бұрынғы қызметкерлерінің тәжірибесі жұмыстарыңызға жәрдемін берді ме, ықпал етті ме? - Бізде 400-ден астам қызметкерлер бар. Және олардың әрқайсынының тәжірибелері мол. Әр түрлі компанияларда қызмет етіп, тіпті басқа да байланыс операторларында жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған. Ал кез келген тәжірибе әр кезде өз жемісін беретіні сөзсіз. Нарықтағы әріптестеріміз Қазақстанда өз желілерін бұрыннан құрған болатын. Ал бұл тәжірибенің маңызды екеніне дау жоқ. Алайда біздің компанияда қызмет ету үшін қызметкер  Теле2-нің корпоративтік мәдениетіне сай болуы абзал. Егер қызметкер осы мәдени талаптарға сай болса, компаниямызға судай сіңетіні де ақиқат. LS анықтамасы: Теlе2 шведтік телекомуникациялық холдинг 2010 жылы Қазақстандық «Мобайл Телеком-Сервис»  GSM-операторының 51 % үлесін 77 млн $ сатып алған болатын. Ал қалған 49 %  AsianetHolding компаниясының үлесінде. Теlе2 ағымдағы жылы өзінің жеке брендімен ұялы байланыс қызметін көрсете бастады.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.