ҚҰБЫР ҚУАТЫ ҚАШАН АРТАДЫ?

24 марта 2011 года
Қытай Қазақстанда мұнай өндіріп қана қоймайды, сонымен қатар паритетті негізде транспорттық қуатқа, яғни Атырау-Кеңқияқ, Кеңқияқ-Құмкөл және Атасу-Алашанькоу мұнай құбырларына ие. Бұл үш құбыр Қазақстанның батысындағы кен орындарынан ҚХР-на баратын үлкен мұнай құбырларының бөлігі болып табылады. Қазір Қазақстан үлкен құбыр үстінен бақылауға ие болғысы келеді, бұл әр учаскеде 51%-дан кем емес мөлшерде үлесті жобалайды. Дәлел түсінікті: мұнай құбыры ҚР территориясында болғандықтан. Алайда бұған Аспанасты келісе ме? Осы жөнінде LS-ке берген сұхбатында «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) мемлекеттік компаниясының экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры Әсел Нүсіпова баяндап берді. - Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жобасы қай кезеңде? - Қазақстан-Қытай мұнай құбыры – бұл 3 компания басқаратын бірнеше учаске. Бірінші учаске – бұл Атырау- Кеңқияқ. Ол жерде біздің еншілес компаниямыз «МұнайТас» АҚ жұмыс істеуде: 50% – «ҚазТрансОйл», 50% – қытай компаниясы. Бұл аз көлемде - 4,5 млн тоннадай мұнай Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының енгізілуіне байланысты тасымалданады. Кеңқияқ-Құмкөл 2010 жылы қыркүйекте енгізілді, онда «ҚазТрансОйлдың» еншілес компаниясы жұмыс істейді – қазақстан-қытай үлесі 50/50. Келесі учаске «ҚазТрансОйлға» тиесілі Құмкөл-Атасу және Атасу-Алашанькоу учаскелері, онда 50/50 шарты бойынша қазақстан-қытай ЖШС-і «Қазақстан-қытай құбыры» жұмыс істеуде. Қазақстан-қытай мұнай құбырына қатысты үлкен саяси қатынас бар - 2013 жылы мұнай көлемін 20 млн тоннаға[жылына] дейін жеткізу күтілуде. Алайда бұл болжауларға қытайлар кепіл бере алмайды. Барлығы көлем кепілі мен сол ресурстарға тіреледі. Қытаймен арадағы келіссөздер барысын анықтайтын тағы бір жайт – бұл бәсекеге қабілетті тариф. Бұл учаскелердің барлығы табиғи монополияларды реттеу Агенттігіне қарайды. Егер осы мұнай құбыры бойынша өндірушілердің (негізінен қытай компаниялары) көңілінен шығатын бәсекеге қабілетті тариф болса, онда тиісінше кепілденген көлемді де анықтауға болады, жеткілікті инвестиция құюға да болады. Үшінщіден: операторлардың өз институциональдық сипаты . 3 компания – бұл, әрине өте көп. Бұл дегеніміз - әкімшілік шығындар, көптеген қызметтердің қайталануы. Бұл үнемдеу тұрғысынан онша тиімді емес. Сондықтан қазіргі келіссөздер «МұнайТас» АҚ жұмыс істейтін кішкене участок пен ірі компания «Қазақстан-қытай құбырын» біріктіру орынды екеніне ат басын бұрып тұр. Сонымен бірге, ҚазТрансОйл бас акционер ретінде, оператор жұмыстары Қазақстан территориясында жүріп жатқандықтан, 51% , яғни үлестің көбі Қазақстанда қалғанына мүдделілік танытады. «ҚазТрансОйлдың» қатаң ұстанымы «МұнайТас» мен «Қазақстан-қытай құбырын» біріктіруде Қазақстан үлесінің басымдығы болу қажет деуімен байқалады. Бұл қандай да бір келіссөзде артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік береді. Компанияларды біріктірудегі әкімшілік шығындар бойынша үнемдеу орташа есеппен жылына 1,4 млрд теңгені немесе 2030 жылға дейін 26,2 млрд теңгені құрайды. Әрине, шығындарды азайту мұнай тасымалдау құнын арзандатуға және тарифтердің бәсекелестігін арттыруға алып келеді. Бұған қоса компания басқарудың тиімділігі де артады. Жалпы, Қазақстан-Қытай біздің ірі экспорттық бағытымыз Атырау-Самараның ресурстарына әсер етпей, мұнайдың жаңа көлемі есебінен дамығанын қалаймыз. - Сіздердің ұсыныстарыңызға қытай жағы қалай қарайды? - Оң көзқараста. - Ал біріккен компаниядағы Қазақстанның үлесін 51 %-ға дейін көбейту ұсынысына көзқарастары қалай? - Бұл келіссөздермен шешілетін мәселе деп ойлаймын. Жалпы, дұрыс қарайды. - Қашан аяқтаймыз деп жоспарлап отырсыздар? - Қазір келіссөздер жүргізілуде. Біріктіру- әрқашанда ұзақ процесс. Биыл бастаймыз деп жоспарлаудамыз. Барлық заң процедуралары біткеннен кейін, кемінде, бір жыл, ары кетсе бір жарым-екі жыл. Біз еншілес кәсіпорындарды біріктіруді әлі бастаған жоқпыз, біз тек мұны қалай істеу керек екенін түсініп келеміз. Бұл 51 %-ы « ҚазТрансОйлға», 49 %-ы қытай акционерлеріне тиесілі еншілес кәсіпорын болады. - Өткен жылы Қытай жаққа қанша мұнай жіберілді, биыл қаншасы жоспарланды? -Қытай жағына 10-11 млн тонна мұнай жіберілді. 2013 жылға қарай 20 млн тонна болу үшін биыл бұл көлемді ұлғайтқымыз келеді. Алайда, әрине, бұл көлемнің қытай жағынан құпталуын күтіп отырмыз. Ортамерзімді бизнес-жоспарда біз жылына 15 млн тонна мұнай жөнелтуді енгізіп отырмыз. Бұл біздің жоспарымыз, бірақ барлығы өнім жіберушілердің қаншалықты қажет етуі мен кепіл етуіне байланысты. Осыған сай өз инвестициялық бағдарламамызды құрамыз. Нақты – 15 млн тонна, ал егер қытайлар тырысып жатса, 20 млн тоннаға дейін шыға аламыз.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.