Еуразиялық банк тәжірибесі дәлелдейді: эпатаж және сонылық бизнеске көмектесуге қабілетті, бірақ суық есеп және әділдік одан кем емес керемет нәтижелерге әкеледі.
Майкл Эгглтон, дала хандары немесе орыс князьдері тәрізді, жыл сайын өзіне қарасты ведомстволық аумақты – өзі басқаратын Еуразиялық банктің барлық 18 филиалдарын аралайды. Оның айтуынша, оған қызметкерлердің не ойлайтындығы және оларды не алаңдататындығы маңызды. Еуразиялық дала билерімен ұқсастығы осымен аяқталмайды. Америкалық банкир екі ұлын орыс патшалары құрметіне – Николай және Алексендр деп атады. Шын мәнінде, Эгглтон орысша мүлдем сөйлемейді деуге болады және қазақша мүлдем білмейді. Дегенмен ол 20 жылға жуық кеңестен кейінгі кеңістікте өмір сүруде және әзірше мұхиттың арғы жағындағы отанына оралатын ойы жоқ. Қазақстанда Эгглтон басқарудың батыс әдістерін енгізуде және Еуразиялық банктің жаңа имиджін түзуде. Имиджді өзгерту соңғы үшін – шарасыз іс. Алдыңғы жетекші Жомарт Ертаев кезінде банк қаржылық жетістіктерінен гөрі, алдыңғы басқарманың эпатажды тұлғасымен белгілі болған.
Ертаев жұмыс уақытында casual-ды киюді ұнатқан, кабинетіндегі сөреде Че Гевараның кесілген қолдары көшірмесін сақтаған, журналистерге бәтеңкелер лақтырған және самурайлар стилистикасында жазылған хаттар жіберіп тұрған. Оны алмастырушы консервативті стильді ұстанады. Қатаң костюммен жүреді, самурайлық кодекстер орнына ұлы адамдардың өмірбаяндарын оқиды. Банктің жағдайына қарағанда – бұл дәл соған керектінің өзі. Бұл ретте Эгглтонның белгілі экстраваганттылығында дау жоқ – оны Калифорниядан Алматыға алып келген оның өмірбаянымен танысу жеткілікті. Майкл 1968 жылы калифорниялық Сан-Диегода, мұғалім мен сүт зауыты жұмысшысының отбасында дүниеге келген. Қазір ол банкир карьерасы оның бала күніндегі арманы болмағандығын мойындайды. Басқа да жасөспірімдер тәрізді ол спортшы даңқы туралы көбірек армандаған. Бейсбол, футбол және су полосын ойнаған. Америка футболы жанкүйері болған –бірақ цифрлар мен есептемелер емес! Сан-Диего университетінде оқыған уақытта оның цифрлармен де жағдайы жаман еместігі анықталды, және Эгглтон бухгалтериямен айналысты. Тамамдағаннан кейін жаңа есепшіні консалтингтік және аудиторлық қызметтер көрсету бойынша ең ірі PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясы қуанышпен қабылдады. Дәл осы болашақ тағдырды анықтады. 1990-шы жылдары PwC Ресей үкіметімен бірлесе отырып инвестициялар, облигациялар шығару саласында бірден бірнеше жобаларды жүзеге асырды, банктер ашу бойынша кеңес беру қызметтерін көрсетті. Оған Мәскеуде өзінің адамдары қажет болды. Қаһарлы климаты және тұрақсыз экономикасы бар елге баруга әркім келісе берген жоқ. Бірақ, 1993 жылы Майклға Ресейге баруға ұсынған уақытта, ол тәуекел етуге бел буды. Эгглтонның ата-аналары ұлдарының таңдауына риза болған жоқ. Қырғи қабақ соғыс кезеңінде тәрбиеленген олар ұлдарының таңдауын еш қуанышсыз қабылдады.
Бірақ оны әйелі Ребекка қолдады – той РФ-на көшер алдында ғана жасалды. Тоқсаныншы жылдарды Ресейде хаос уақыты деп есептеу қабылданған. Бірақ Майкл бүгін сол уақытта жылумен есіне алады: — Адамдар, іскерлік атмосфера және қойылған міндеттер қызықты болды. Бұл керемет уақыт еді. Жалғыз ұнамайтындығы - 4-5 сағатты алатын автомобиль кептелістері еді. PwC-тің ресейлік өкілдігінде жұмыс істегеннен кейін Эгглтон Credit Suisse First Boston-ға ауысты. Сосын карьералық көтерілу орын алды - Merrill Lync инвесткомпаниясы кеңсесінің басқарушы директоры лауазымы. Майкл қырық елдердер тұратын макроаймаққа жауап берді. Және кенет ол шағын "Траст" инвестициялық банкін басқаруға кетіп қалды.
"Мен бизнеске капитал нарығымен жұмыс істеуде кеңес беріп, қайта құрылымдап немесе бизнеске көмектесіп қана қоймай, бизнесті тұрғызуға қатысып, оны бір күйде алып және уақыт өте келе басқа күйге ауыстырғым келді", - өзінің халықаралық компаниядан кетуін "Взгляд" ресейлік газетіне осылай түсіндірді. Майкл сұхбатта өзінің әйелімен Мәскеуде қалу немесе, мысалы, Лондон немесе Нью-Йоркқа көшу туралы көп талқылағандығын мойындады. Және ақыр соңында шешім қабылдады: Мен көбінесе дамып келе жатқан нарықтарды жақсы түсінемін. Лондонға барып және ағылшын бизнесіне кеңес берудің қандай мәні бар? Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Ресей болса барлық дамып келе жатқан елдерден ең маңызды мүмкіндіктер ұсынады".
"Траст"-та Эгглтон шамамен үш жылдай жұмыс істеді –және батыс сарапшылары оның экономикасын ресеймен салыстырғанда үлкен сенімділікпен дамып келе жатқанға жатқызатын елге көшіп кетті. Яғни Қазақстанға. 2009 жылы корпорация құрамына кіретін Еуразиялық банкке дереу жаңа СЕО қажет болды. Алдыңғы жетекші, бусидо кодексін және фанк стиліндегі бизнесті уағыздаушы Жомарт Ертаевты қаржылық қадағалау жөніндегі агенттік жұмыстан шеттеткен болатын. Қаржылық нарықтың Еnfant terrible өзінің экстраваганттығы үшін опық деген жоқ. Жомарт Альянс банктің басқарма төрағасы болып жұмыс істеген уақытта (2002 бастап 2007 жылға дейін) жалған есептілік ұсынған деген жала жабылды. Қаржылық полиция Ертаев офшорлық компанияларға $917,38 млн. соманы құрайтын насиелер беруге кепілдік бергендігін есептеп шықты. Осы ақша, тергеу нұсқасы бойынша, барлық пайыздарды ескергенде, $1,1 млрд дейін артқан және банктің шоттарынан есептен шығарылған. Белгілі бір сәтте Ертаев тіпті қамалды да. Сосын оған бостандық берілді, бірақ Еуразиялық банкті басқару туралы енді мүлдем сөз болған жоқ.
Оған қоса сот үрдісі әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Осы уақытта Майкл Қазақсанда әйгілі болатын –құрамына Еуразиялық банк те кіретін, Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) шикізат корпорациясының тәуелсіз атқарушы емес директоры ретінде. Корпорация Майклдың лауазымдық тізімімен жақты таныс болатын. Merrill Lynch-те жұмыс істей отырып, ол әлемді көп аралады және бірнеше рет қаржылық дағдарыстың эпиорталығында болған – 1997 жылғы азиаттық және 2001 жылғы түркиялықтан бастап, 2008-гі ресейлік үлгіге дейін. Шын мәнінде, Майкл ерліктерімен әйгілі болған жоқ. Бірақ мол тәжірибеге ие. ENRC акционерлері банктің басқарма төрағасы лауазымына дәл Эгглтонды алуды ұсынуы таңқаларлық емес. Майкл тағы да толқулар болғандығын еске алады. Банкирдің өзі қарсы болған жоқ. Оның сөздері бойынша, Қазақстанның потенциалы зор деп есептеген және есептейді. Ел еуропалық сервиспен "еркелетілген емес" - яғни, осы бөлік бойынша енгізетін тұстар бар. Жергілікті ірі банктер борыштар бойынша төлемдермен күрделі жағдайға душар болды. Бұл орта банктерге, оның ішінде, Еуразиялық банкке де жаңа мүмкіндіктер ашты. Эглтонның сыпайы ғана айтуы бойынша, "Ребекканың басқа елге көшудің дұрыстығы туралы күдіктері болды".
Ол ұлдары өскен (олар қазір 6 және 8 жаста) Мәскеуден кеткісі келмеді. Бірақ, ақыр соңында, шешімге келді. — Менің әйеліме жаңа тәжірибе ұнайды. Қазақстанға көшу біз үшін үлкен қадам болғандығына қарамастан, ол мені қолдады, - деп есіне алды Эгглтон. Еуразиялық банкті басқаруды Эгглтон қатаң сілкуден бастады. Алғашқы жарты жылда, оның мойындауынша, ол "сүйікті жетекші болған жоқ". Штатты 20 %-ға көтеру, жалақыны төмендету қызметкерлердің наразылығын туғызды. Майкл жасырмайды – қол астындағылардың оның бастамаларын оң қабылдағандар аз болды. Бірақ сыртта дағдарыс өршеленді – өте қиын болды. Майкл басында қызметкерлердің оны харизмалық Жомарт Ертаевпен жиі салыстырғандығын жасырмайды. Өзінің оқыстығына қарамастан, Жомарт Альянс банкті елдің ірі банктерінің алғашқы үштігіне енгізді және Еуразиялықты көшбасшы етуді жоспарлаған болатын. Бірақ үлгермеді. Майклдың ойынша, қаржылық нарықта экстраваганттылыққа орын жоқ –ақша тыныштық пен жайбарақаттылықты жақсы көреді. Және командаға әділ және бейтарап жұмыс істеуді үйретті. — Ең бастысы, кез-келген эмоциялардан бас тарту қажет еді. Бұл кез-келген сәттіліктің факторы. Адамдар эмоциясыз жұмыс істеді, бұл едәуір алдыға жылжуға және несие портфелінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, - деп түсіндіреді Эгглтон. Алғашқы айларды жаңа басқарушы команда құру және активтерді сауықтыруға жұмсады. Майкл Эгглтон Еуропадан кеңесшілер шақырды, олар сөздің тура мағынасында үлкейткіш әйнекпен әрбір несиені тексеріп шықты.
Банк жаман қарыздар бойынша борыштарды өндіруге назар аударды. Жаңа адамдар тартылды, қызметкерлердің бөлігі де борышкерлермен жұмыс істеуге ауыстырылды. Банктің 13 млрд теңге шығынын өтеу үшін, 2009 жыл қорытындылары бойынша осы сомаға капиталды арттыру туралы шешім қабылданды. Екі жыл ішінде Эгглтон және команда жаман қарыздар санын төмендетті. Жұмыс істемейтін, төлем мерзімі 90 күн және одан да көпке өткізілген несиелер көлемі 58 %-ға төмендетілді және 2011 жылдың 1 шілдесінде несие портфелі жиынтығынан 7 % құрады (17,1 млрд теңге).
2010 жылдың соңынан бастап банктегі клиенттер саны 2,5 есе артты, қызмет көрсету сапасы және қарызгердің өзінің сапасы да артты. 2012 жылға Майкл клиенттік базаны тағы 2,5 есе арттыру міндетін қойды. Банктің өзін сауықтырумен қатар, Майкл сатып алулармен айналысты. Сатып алулар арасынан ол "Просто Кредит" (Societe Generale"қызы") микронесиелік ұйымды және Мәскеудегі "Тройка Диалог" Банкін ерекше атайды. "Просто Кредит"-ті сатып алу банктің бөлшек банкингті белсендірек дамытуды ерекшелеу жоспарларымен байланысты. Орташа мерзімдік болашақта Еуразиялық банк бөлшек несиелер үлесін берілген қарыздардың жалпы санынан 50 % дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Тұтынушылық несие беру нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылатын "Просто Кредит"-пен мәміле, Еуразиялық банктің бөлшек бизнесін жаңа деңгейге шығарды. Нәтижесінде банк сатылымдардың тарамдалған желісін және несиелік тарихы жақсы 300 мың жаңа клиенттер алды. Эгглтонның айтуынша, жұмысты реттеуге оған әртүрлі елдердің мәдениеттерімен таныстығы көмектесті. Майкл негізгі үмітті экспаттарға емес, жергілікті қызметкерлерге артты. Банктің үш мың қызметкерлерінен жетеуі үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат алуға тура келді, бұл ретте олардың үшеуі ТМД елдерінен келген. — Менің стратегиям – жергілікті үміркерлерден банктің басқарушы командасын құру. Жоғары басшылық мен белгілі кәсіби міндеттер шешімдері мен жеке деректерге талаптар негізінде тапқан адамдардан тұрады. Бұдан кейін, басқарма басқарушыларды тартты, олар жұмысқа басқа мамандарды шақырды және т.б. Біз рекрутингтік агенттіктер қызметтерін сирек пайдаландық, және апта сайын алатын көптеген резюмелер арасынан сирек таңдадық, - деп әңгімелейді сұхбаттас.
Банкирдің есептеуінше, басшылық пен қызметкерлер арасында келіспеушіліктер болмауы тиіс. Банк басшысы адамдардан шынайы жағдайды жасырмауы тиіс – және қызметкерлер оған сенетін болады. Майкл public relation туралы жа ұмытпайды. Эгглтон четасы 2009 жылы экономикалық профилі бар жетекші қазақстандық ЖОО-ның бес студенттері үшін $15 мың дербес үш жылдық оқыту гранттарын анықтау туралы жариялады. Бұл, былайша айтқанда,оның жеке акциясы. Ал банк атынан "Тәуелсіздік өнері" арт-жобасы өткізілуде–қазақстандық суретшілер $45 мың сомасындағы гранттар алады. Өзінің Еуразиялық банкте өткен жолына қарай отырып, Майкл әлемдік экономикалық дағдарыс нарықта позицияны күшейту үшін жақсы уақыт болды дейді. — Мен нарықта оны пайдалану қажет мүмкіндік пайда болды деп есептедім – елдің үздік банктері қатарына қосылу. Осындай мүмкіндікті жіберіп алу ақымақтық болар еді. Қазақстандағы банктік дағдарыс тарихы туралы ойлай отырып және өзі басқаратын банктің тәжірибесін талдай келе, Эгглтон мәселелер көлемі бұдан да аз болуы мүмкін еді деген қорытындыға келеді.
Бұның барлығының мәні банктер несиелік портфельдер сапасын бағалауға жеткілікті критикалы келген жоқ және сыртқы қарыз алуларға өте оңай жүгінген. Майкл жергілікті қаржылық құрылымдар иегерлерін мәселелер әлі толғандырады деген болжам жасайды. Банкир инфрақұрылым мен ІТ сұрақтарына назар аударуды ұсынады, олар жақын үш-бес жыл ішінде қаржыгерлердің басты бас ауруына айналуы мүмкін. Бірақ, бұл ретте, ол нарыққа позитивті қарайды – терең дағдарыстан банктер шынайы әрекеттер кезеңіне өтті. Мысалы, Еуразиялық банк жаңа өнімдерді іске қосуға дайындалуда.
Эгглтон жеңіл ирониямен, жұмыстың бірінші кезеңінен кейін екіншісі басталды, онда жұмыс одан да көп болады дейді. Майклдың өзі бұдан да көп қалай жұмыс істейді –түсініксіз. Ол онсыз да банкте тәулігіне 12-15 сағатын өткізеді. Оның мойындауынша, ол жай еңбекқор. Отбасы, әрине, риза емес, бірақ оның өмір салтына көнді. Оған қоса Қазақстанға көшкеннен кейін іссапарлар саны мен ұзақтығы азайды. Сондықтан жақындары да құр қол қалған жоқ.