Қарағанды облысында жаңа зауыт іске қосылады

24 апреля 2026 года

Қарағанды облысында ресейлік инвестицияның қатысуымен жаңа зауыт салынып жатыр. Бұл туралы өңірлік әкімдік LS редакциясының сауалына берген жауабында мәлім етті.

Мәліметке сәйкес, облыста 65 млрд теңгеге жылуоқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт салынып жатыр. Кәсіпорын жылына 1,3 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы.

Қазіргі таңда жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамадан өткен. Қазір сметалық құжаттама тексерілуде.

Кәсіпорынды биыл іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар инфрақұрылымға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтарды қабылдау және орнату жұмыстары жүргізілуде", – делінген жауапта.

Қазіргі уақытта кадрларды іріктеу процесі де басталған. Кәсіпорында 186 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Бұған дейін, LS редакциясы Атырау облысында да ресейлік компанияның қатысуымен жоба жүзеге асырылатынын жазған болатын. Онда экструзиялық полипропилен георешеткаларын шығаратын зауыт ашу жоспарланған. Жобаға 2 млрд теңге инвестиция салу көзделіп отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Казахстанские продавцы потеряли более 1 млрд теңге из-за атак на Wildberries
сегодня
Как по маслу: Казахстан начал продавать продукцию в Андорру и Литву. Инфографика
сегодня
В Туркестанской области появится крупное предприятие
сегодня
Новый рынок капитала: сможет ли Казахстан стать центром цифровых активов
сегодня
Рауан Кенжеханулы объяснил, зачем партия «Әділет» привлекает топ-менеджеров крупных компаний
сегодня
В ЗКО хотят оставить налоги крупных подрядчиков в регионе
сегодня
Не вся крипта попадет под налоговые льготы: кого они не коснутся
сегодня
Казахстан обеспечат стабильными электро- и теплоснабжением за триллионы теңге
сегодня
Акимов предупредили о персональной ответственности за срыв ремонтных работ
сегодня
Все виноваты, кроме вас – премьер-министр поручил акиму Алматинской области ускориться
сегодня
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.