Алматының индустриалды аймағында жаңа жобалар iске қосылмақ

25 июля 2023 года

Алматыда индустриялық аймақты кеңейту үшін жер сатып алынады. LS тілшісі егжей-тегжейін қала әкімдігінен білді.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде индустриялық аймақты дамытудың екінші кезегі шеңберінде оның аумағы 194 гектарға ұлғаятыны хабарланды.

"1 шілдеге жергілікті бюджет қаражатын пайдалана отырып, 5,5 млрд теңге сомасына 143,9 га жер учаскесі сатып алынды. Ал 51 га сатып алу аяқталу сатысында", - деді әкімдікте.

Индустриялық аймақтың екінші кезегінің инфрақұрылымын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Барлық қажетті инфрақұрылымды жобалау жұмыстары аяқталу сатысында.

"Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2023 жылдың тамыз айында алу жоспарлануда", - деп толықтырды әкімдікте.

Бұған дейін, индустриялық аймақтың бас директоры Әлішер Сатыбалдиев аумақтың 95%-зы игерілгенін, енді оның өнеркәсіптік алаңы ЖЭО жағына қарай кеңейтілетінін хабарлады. Кеңейту 150 млрд теңгеден астам сомаға 10-нан аспайтын ірі жобаны, сондай-ақ, кемінде 40 шағын кәсіпорынды тартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сатыбалдиевтің айтуынша, қазіргі уақытта өнеркәсіптік аймақ аумағында отандық және түрік компаниялары белсенді құрылыс жүргізуде. Мәселен, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan Қытай автомобильдерінің мультибрендтік зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Түрік инвесторы Нalavet KZ тағамдық желатин өндірісін жолға қояды. Сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстарын Qazaq Prom Story, ТД "Кама Қазақстан" және ЖБИ "Гарант" жүргізуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.