Алматыны қандай жағдайда локдаун күтіп тұр

Бұған дейін хабарланғандай, карантин шараларын бұзғаны үшін Алматы бизнесіне бір жыл ішінде миллиондаған теңге айыппұл салынды  

15 марта 2021 года

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай жағдайда қатаң локдаун енгізілетінін айтты, деп хабарлайды LS.

"Егер күніне 300-ден астам науқас ауруханаға жатқызылса, онда бізге барлық салаларды жабуға тура келеді. Сондықтан, демалыс күндері біз қоғамдық көліктің жүруін тоқтатып тек ішкі локдаун енгіздік. Ал егер науқас саны 500-ден артып кетсе барлығын жабамыз", - деп түсіндірді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Бекшин ішкі локдаун дегеніміз – бұл жекелеген қызмет түрлері мен қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылған кезең деп түсіндірді.

"Бұл кезеңде біз жағдайды барлық қызмет түрлерін толық жаппай-ақ тек шектеу шараларын қолданамыз. Ал егер науқастар саны 500-ден асып кетсе блокпосттар қойылады", - деп қосты спикер.

Қазіргі уақытта Алматыда 14 наурыздағы көрсеткіш бойынша 342 науқас анықталған.

Сонымен қатар, Бекшин мегаполис қайтадан жабылуы мүмкін басқа жағдайларды да атады. Оның айтуынша, Алматыда бизнес жұмысына шектеу әлі де қолданылады. Алайда, санитарлық нормалар бұзылған және қалада аурудың өсуі жағдайында олар тамақтану нысандары мен сауда кешендерінің қызметін толығымен тоқтатуы мүмкін.

"Әзірге барлық шектеулер уақытша, бірақ егер карантиндік шаралар бұзылса, қала қайтадан жабылады", - деп атап өтті Бекшин.

Сондай-ақ, қаланың бас санитарлық дәргері демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы қала қызыл аймақтан шыққанға дейін тоқтатылатынын атап өтті.

Бұған дейін Алматыда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия жанындағы мониторингтік топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркенов 2020-2021 жылдары мегаполисте 4,1 мың рейд жүргізілгенін хабарлаған болатын. 22 мың кәсіпкерлік нысанын тексерілген. Оның мәліметінше, карантиндік шараларды бұза отырып, 4,9 мың нысан анықталып, рейд нәтижесі бойынша пандемия басталғаннан бері заңды тұлғаға санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 191,3 млн теңгеге 566 хаттама толтырылған.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов егер адамдар санитарлық норманы сақтамаса, қаланы "қайғылы жағдай" күтіп тұрғанын айтты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.