Алматыда жаңа зауыттар іске қосылды

4 февраля 2022 года

Алматыда 11 жоба жүзеге асырылуда, олардың үшеуі бүгінде іске қосылды. Бұл туралы LS-ке қала әкімдігінде хабарлады.

Мегаполисте химия және тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасау және, металлургияда өндірістер пайда болды.

Осылайша, ірі қалада 2 млрд теңгеге витаминді-минералды премикстер мен тағамдық қоспалар өндіретін зауыт салынып, ашылды. Атап айтқанда, 2021 жылы осы жобаның бірінші кезеңі басталды. 40 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, 650 млн теңгеге азық-түлік және құрылыс өнеркәсібіне арналған ыдыс өндірісін құрылды. 30 адам жұмыспен қамтылды. Қалада жұмыс істеп тұрған су мен шырын өндірісі жаңғыртылды. Жоба құны – 2,1 млрд теңге.

Қалған тоғыз жоба әзірге тек техникалық тұрғыдан іске қосылды. Жақын арада ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттері үшін 580 млн теңгеге термопанельдер мен сәндік бұйымдар шығаратын зауыт ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, газдалған бетон блоктарын өндіру 1,6 млрд теңгеге іске қосылмақ.

Алматыда қазір автозауытты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оның құны – 4,1 млрд теңге. 1,3 млрд теңгеге шаршы дайындама өндірісі бойынша жобаның екінші кезеңі іске қосылады. 1,45 млрд теңгеге минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі жолға қойылады.

Сондай-ақ, 900 млн теңгеге табиғи тастан жасалған бұйымдар және 350 млн теңгеге электр бұйымдары өндірісі техникалық жүзеге асырылмақ. Қалада 350 млн теңгеге салқындатқыш сұйықтықтарды қайта өңдеу және өндіру зауыты аяқталды.

Бұған дейін, LS редакциясы 2021 жылы қаланың индустриялық аймағында 33 млрд теңгеге 355-тен 1420 мм-ге дейін үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар шығаратын зауыт іске қосылғанын жазған болатын. Бұл жоба Қытай компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Сондай-ақ, осы өндірістік аймақта 7,2 млрд теңгеге тоғыз нысанды іске қосу жоспарлануда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
сегодня
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.