Алматыда тағы бір зауыт бой көтереді

Нысанды 2024 жылға дейін салу жоспарлануда

1 июня 2021 года

Алматыда 1,5 млрд теңгеге тағы бір зауыт салынады, деп хабарлайды LS.

Индустриялық аймақта хабарлағандай, жоба 2021-2023 жылдары олардың аумағында жүзеге асырылады. Ақпаратқа сәйкес, металл тосқауыл қоршауларын, көпір және жол топтарын өндіру бойынша зауыттың құрылысы 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

"Техникалық-экономикалық негіздеме дайындалды, ал жобалық-сметалық құжаттама әзірлену сатысында", - деп хабарлады LS-ке.

Зауыттың қуаттылығы жылына 12 мың тонна жол қоршауын және 15 мың тонна ыстық мырыштау өнімдерін құрайды деп күтілуде. Жобаны іске қосу есебінен 25 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Айта кетейік, индустриялық аймақта 81 млрд теңгенің 29 жобасы жүзеге асырылмақ. Жаңа өндірістік қуаттардың ашылуы 2025 жылға дейін 3,3 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.