Алматыда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері тәркілене бастайды

Осы учаскелердегі жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізілмек

27 августа 2021 года

Алматыда абаттандыру және көгалдандыру үшін учаскелерін тәркілеу жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке қалалық әкімдіктен хабарлады.

Мәліметке сәйкес, мегаполистің тарихи орталығындағы ауданы 0,9863 га болатын тоғыз жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болады.

Осы учаскелердегі жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізіледі, содан кейін өтемақы сомасы анықталады.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, бас жоспар аясында бұл учаскелерде абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобалар іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, қаланың жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл 9,8 млрд теңгеге 159 жер учаскесі сатып алынды. Осының есебінен 14 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Басқарма басшысы Ардақ Самамбетов мегаполисте бюджеттік жобаларды іске асырудың 90% жағдайында жер сатып алу қажет екенін атап өтті. Бұл бос учаскелердің аз санына байланысты.

Бұған дейін мемлекеттік органдар Қалқаманда метро салу үшін 148 учаске алынатынын хабарлаған болатын. Олар үшін шамамен 9 млрд теңге төлеу жоспарланған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.