Алматыда көшелер мен жол айрықтарын салуға миллиардтаған теңге жұмсалады

18 февраля 2022 года

Биыл Алматыда көшелер мен жол айрықтарын салуға 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы LS-ке қалалық мобильділік басқармасынан хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, биыл мегаполисте үш жолайырықтың құрылысы жалғасады. Оның ішінде Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесіндегі жұмыстарға 2,5 млрд теңге бөлінеді.

Құлжа трактісі бар Бұқтырма көшесіндегі жол айрығы 5,9 млрд теңгеге бағаланды. Саин және Мөңке би көшелеріндегі құрылыс ағымдағы жылы 1,06 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Саин көшесін салуға ағымдағы жылы 3,06 млрд теңге, Әуезов көшесін ұзартуға – 700 млн теңге жұмсалады.

Төле би көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмыстарына биыл 1,006 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, жолдарды орташа жөндеуге 18,5 млрд теңге, ал ағымдағы жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінеді.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Серік Самұратовтың айтуынша, Алматының бірнеше көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы шекарасына дейін салуға биыл 8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Саин көшесінің қиылысына – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов көшесіне – 2 млрд теңге, Абай көшесіне – 2 млрд теңге, Северное көшесіне – 1,3 млрд теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS редакциясы жол айрықтары мен көшелердің салыну мерзімі туралы хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.