Алматыда үшінші вокзал салынады

27 апреля 2023 года

Алматы қаласында үшінші вокзал салу жоспарлануда. Қала әкімдігінде LS-ке егжей-тегжейі айтылды.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді.

"Бұл жоба жүк және жолаушылар ағынының бір бөлігін қайта бағдарлауға, сондай-ақ, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын енгізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қолданыстағы пойыздардың бірқатар бағыттарын Алматы-1-ден Алматы-2-ге ауыстыруға болады. Осының есебінен қалалық автожол инфрақұрылымына көліктік жүктеме азаяды", - деп түсіндірді әкімдікте.

Сондай-ақ, әкімдікте техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу 2024-2025 жылдарға жоспарланғанын нақтылады. Келесі кезеңде жобалау-сметалық құжаттама жасалмақ. Сонымен қатар, қаржыландыру көлемі, техникалық сипаттамалары және вокзал қызмет көрсететін бағыттар есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы "Алматыгипрогор-1" тарапынан мегаполисте үшінші теміржол вокзалын салу туралы ұсыныс айтылды. Сол кезде "Қазақстан темір жолы" LS редакциясына оның құрылысымен айналысуды жоспарламағанын хабарлаған болатын.

2022 жылы мегаполис әкімдігінде мәслихаттың XXV сессиясы барысында жүк жолаушылар ағынын түсіру үшін "Алматы-3" салу ниеті туралы хабарланды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.