Алматы облысының моноқаласында зауыт салынбақ

100 адам жұмысқа орналасады

20 декабря 2021 года

Алматы облысындағы Текелі моноқаласы қалай дамып жатыр. Толығырақ LS редакциясының материалында.

Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, бүгiнде қалада екі зәкірлі жоба жүзеге асырылуда. Биыл 4,4 млрд теңгенің темірді тікелей қалпына келтіру арқылы өндiру зауытының құрылысы басталды. Оның ішінде 1,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Өндірісті ашу келесі жылға жоспарланған. Қуаттылығы жылына 20 мың тонна темірді құрайды. Зауытта 100 адам жұмысқа орналасады.

Ақпаратқа сәйкес, екінші жоба – 2016 жылы құрылған 12,2 млрд теңгеге – қазір тоқтап тұр. Әкімдікте хабарлағандай, Текелі қаласында 2020 жылдың мамыр айынан бастап темір кенін өндіру және қайта өңдеу бойынша кәсіпорын қызметі тоқтатылды.

"Бұл домна пешінің қозғалтқышының бұзылуына байланысты болды. Қазіргі уақытта қозғалтқышқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деді әкімдікте.

Оның қуаттылығы жылына 200 мың тонна шойын өндіреді. Нысанда 845 жұмыс орны ашылды.

Бұған дейін, LS редакциясы Шығыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысындағы моноқалаларды қандай жобалар ұстап қалатынын жазған болатын. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев моноқалалардағы жобалардың жүзеге асырылу барысына наразы болды. Оның айтуынша, осы қалалардың экономикасын әртараптандыруда және шағын және орта бизнесті дамытуда зәкірлік жобалар маңызды рөл атқарады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.