Алматы облысындағы шыны көпірдің құрылысы қалай жүріп жатыр

3 февраля 2026 года

Алматы облысында шыны аспалы көпір салу жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобаның жай-жапсарын LS-ке өңірлік әкімдікте айтып берді.

Нысан Кеген ауданындағы туристік аймақ – "Қара шатқалда" (Қара каньон) орналасады. Жобаның құны 1,5 млрд теңгеге бағаланған. Құрылыс жұмыстарын ASK Capital компаниясы жүзеге асырады. Құрылыстың мерзімі 2025-2026 жылдарға жоспарланған.

"2024 жылы аудандық бюджеттен 57 млн теңге бөлініп, электр желілерін жүргізу жұмыстары жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта желілер толықтай пайдалануға берілді", – деп хабарлады әкімдікте.

Сонымен қатар автотұрақ пен павильон құрылысына арналған алаңды дайындау және тегістеу бойынша жер жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту кезеңінде. Оң қорытынды алынғаннан кейін компания құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін LS жобаны жүзеге асыру үшін бірқатар түйткілді мәселелер бар екенін жазған. Оның ішінде электрмен қамту және аумақты бас жоспарға енгізу мәселелері көтерілген.

Сонымен қатар облыста "Көшпенділер қаласы" жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында жылына 150 мыңға дейін турист қабылдай алатын бірегей этнотуристік кешен салу көзделген.

"Жоба инвестордың өз қаражаты есебінен 100 пайыз қаржыландырылады", – делінген хабарламада.

Құрылыс кезеңінде 120-ға дейін жұмыс орны ашылады деп жоспарланса, нысан пайдалануға берілген соң 80 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Смена приоритетов: Армения покупает в Казахстане свинину, а продает консервы. Инфографика
сегодня
Криптоамнистия может вернуть в экономику Казахстана до $5 млрд
31 июля 2026 года
Новые правила сделают урегулирование задолженности более понятным для заемщиков – мнение
сегодня
Казахстанцы набрали кредитов в банках на 25 трлн теңге
1 августа 2026 года
Обновленная оценка благополучия семей: сократят ли соцвыплаты казахстанцам
1 августа 2026 года
Алматыдағы LRT құрылысы: қай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі
31 июля 2026 года
В Казахстане планируют добывать редкоземельный металл иттрий
31 июля 2026 года
Казахстан снизил цены на хлопок и газ для зарубежных стран
31 июля 2026 года
Банкам запретят навязывать страховки и платные услуги
31 июля 2026 года
Бюрократия против инвестиций: где бизнесу мешают запускать проекты
31 июля 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.