Алматы облысында екі жоба ұлттық цифрлық платформа тізімінен алынып тасталды. Бұл ақпаратты өңірлік әкімдік LS редакциясының ресми сауалына берген жауабында растады.
Мәліметке сәйкес, жалпыұлттық пулға жалпы құны 2,1 трлн теңге болатын 74 жоба енгізілген. Бұл жобалар аясында 21 мың жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Алайда 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланған екі жоба тізімнен алынып тасталды.
Нақтырақ айтқанда, 2022-2026 жылдарға жоспарланған, құны 21,8 млрд теңге болатын заманауи мал шаруашылығы кешенінің құрылысы тоқтатылды. Инвестор жобадан бас тартты- бұл шешімге сыртқы факторлар мен акционерлердің стратегиялық басымдықтарының өзгеруі себеп болған. Сонымен қатар, компания қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалды ескере отырып, ұзақмерзімді жоспарларын қайта қарауға шешім қабылдаған.
Екінші жоба- астық пен майлы дақылдарды қабылдау, тазалау, кептіру және сақтау кешенін салу болатын. 2023-2026 жылдарға жоспарланған бұл жобаның құны 2,6 млрд теңгені құрады. Кешен іске қосылған жағдайда 34 жұмыс орны ашылады деп болжанған. Алайда инвестор жер учаскесіне байланысты жалдау келісімін өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген.
"Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің қаулысына сай, аталған жер учаскесінде инвестициялық жобаны тоқтатуға қатысты тиісті шаралар қабылданды"- деп түйіндеді мемлекеттік органда.