Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталуы және Қазақтелекомдағы тінту туралы мәліметтер белгілі болды

14 марта 2022 года

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталуына қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды LS.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтың айтуынша, "Қазақтелекомда" келтірілген шығын көлемі қазір анықталған жоқ, бірақ бірқатар эпизодтар бар.

"Тергеу жүргізiлгеннен кейін бiз соманы айта аламыз. Бірақ мен миллиардтаған сомалар жайлы айта аламын", - деді ол.

Бектеновтың айтуынша, Қайрат Сатыбалдыұлының "Қаңтардағы оқиғаларға" қатысы жоқ.

"Бірақ оның ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексеріліп жатыр", - деді ол.

Сонымен қатар, "Қазақтелекомның" қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеев іс бойынша өтпейді, оған куә ретінде жауап алынды, деп толықтырды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

"Тінту жұмыстары Алматы мен Нұр-Сұлтандағы "Қазақтелекомда" жүргізілуде", - деді ол.

Бектенов сондай-ақ, журналистердің Сатыбалдыұлы шынымен ұшақта ұсталды ма деген сұрағына жауап берді.

"Иә, ол Алматы әуежайының аумағында ұсталды. Ол Дубайға ұшуды жоспарлаған болатын. Бұлтартпау шарасы әлі тағайындалған жоқ", - деп түйіндеді ол.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.