АӘК алушылардың қаржысы тексеріледі

сегодня

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларының банктік шоттары мен қарыздары бақылауға алынатын болады. Бұл туралы LS сауалына жауап ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді.

Бұл шара атаулы әлеуметтік көмек  жүйесін жетілдіру жоспары аясында енгізілмек.

"Отбасының қаржылық жағдайын бағалауға қосымша ережелер енгізіледі. Бұған шоттағы ақша қозғалысы, депозиттер мен қарыздар кіреді. Осылайша өтініш берушілердің нақты жағдайы әділ бағаланатын болады", – деп түсіндірді министрлікте.

Сонымен қатар, еңбекке жарамды АӘК алушылары үшін әлеуметтік келісімнің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе азаматтарды жұмысқа орналастыруға және кәсіби біліктілігін арттыруға бағыттайды.

Осы арқылы төлемдердің мақсаттылығы артып, қаражат әділ бөлінуі қамтамасыз етіледі.

"Негізгі мақсат – көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана, яғни табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға жетуін қамтамасыз ету және төлемдердің негізсіз берілуін болдырмау", – деп толықтырды министрліктен.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылы АӘК 54,4 мың отбасының 292,7 мың мүшесіне көрсетілген. Төлемдердің жалпы көлемі – 33,4 млрд теңге.

АӘК-тің негізгі мақсаты – отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару, оларға қаржылай қолдау көрсету және еңбекке жарамды мүшелерін белсенді түрде жұмысқа тарту.

Бұған дейін, вице-премьер Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдау шараларын толық қайта қарастыратынын хабарлаған еді. Ол бұл шешімнің бюджетті оңтайландыру аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.