Биыл Қазақстанда шетелдік 100-ден астам IT-компания жұмыс істеуге шешім қабылдады. Бұл туралы LS-ке цифрлық даму министрлігінде хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, елімізде компаниялардың Қазақстанға кіруі, келуі және ашылуы, сондай-ақ IT-саланы мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтары бар веб-сайт құрылды.
Нәтижесінде 2022 жылдың 28 ақпанынан бастап Ресей мен Беларуссиядан IT-компаниялар тарапынан консультацияға 2,5 мыңнан астам кіріс сұраныс түсті.
"Астана" халықаралық қаржы экспат-орталығында IT-мамандарға 1,4 мың қызмет көрсетілді. Оның ішінде ЖСН – 485 жеке тұлға, ЭЦҚ – 347 жеке тұлға алды. Бұдан басқа, 41 шетелдік пен азаматтығы жоқ адам Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды.
Сонымен қатар, 119 IT-компания Astana Hub қатысушысы ретінде тіркелуге өтінім берді, оның ішінде EPAM, Playrix, Nexters.
Цифрлық даму министрлігінде 2022 жылдың I жартыжылдығында IT-салада 4,6 мың жұмыс орны құрылғанын қосты.
Бұған дейін, LS Қазақстанда 22 мыңнан астам ресейліктің заңды түрде жұмыс істейтінін хабарлаған болатын.