Құс фабрикасы жобасы уақытша тоқтап қалды

сегодня

Түркістан облысында қаржылық қиындықтарға байланысты инвестициялық жобалардың бірі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы өңір әкімдігі LS редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

Бұған дейін, өнімін өткізуде қиындық көрген құс фабрикасының жобасы инвестордың қаржылық мәселелеріне байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді.

"Қазіргі таңда жобаны қайта жандандыру үшін мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жеңілдетілген қаржыландыру көздерін тарту мәселесі пысықталып жатыр", – делінген әкімдік жауабында.

Қолдау мәселесі шешілгеннен кейін жобаны қайта жалғастыру жоспарланған.

Еске салсақ, құны 800 млн теңгені құрайтын құс фабрикасы 2024 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпорын жылына 20 млн дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы.

Бұған дейін, LS редакциясы өңірдегі құны 7 млрд теңгелік тағы бір жобаның іске қосылу мерзімі кейінге қалғанын жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.