Жеңілдетілген несие бойынша қазақстандықтардың бәріне көлік жете ме

12 апреля 2022 года

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Ол осы бағдарлама есебінен тек қазақстандықтар ғана несие алатыны нақтылады.

"Біз ешқандай шетелдіктерге несие бермейміз", - деп түсіндірді ол.

Ол сондай-ақ, ресейліктер жаппай сатып алғандықтан машиналардың жетіспеушілігі туралы алаңдаушылыққа жауап берді.

"Қазір үш-төрт ай кезекте тұр. Егер бұл мерзім өзгерсе, мен келіп, тапсырмалар беремін. Егер бұл шын мәнінде солай болса, онда қазақстандықтар отандық машиналарды алуы үшін барабар шаралар қабылдайтын боламыз", – деп атап өтті Өскенбаев үкімет кулуарында.

Жеңілдетілген автонесиелеу тақырыбына қайта орала отырып, министр шарттар бойынша қарыздың ең жоғары мөлшері – 10 млн теңге, бастапқы жарна – 0%-дан, сыйақы мөлшерлемесі – 4%, мерзімі – 7 жылға дейін екенін атап өтті. Көлік құралының құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.

Бағдарламаны іске қосу сәуір айының соңында жоспарланған.

Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін банкте қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі болуы тиіс делінеді.

Сондай-ақ, бір қарыз алушыны екі жыл ішінде бір реттен артық қаржыландыруға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS Қазақстанда құрастырылған автокөліктердің бағасын жариялаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.