Жамбыл облысында триллиондаған сомаға 107 жоба ашылмақ

Оның ішінде 50 өндіріс агроөнеркәсіп кешенінде

7 декабря 2021 года
    

Жамбыл облысында 2,7 трлн теңгенің 100-ден астам жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін облыста жалпы инвестиция көлемі 2,7 трлн теңгені құрайтын 107 инвестициялық жоба іске қосылады.

Атап айтқанда, 50 өндіріс 350,4 млрд теңгеге агроөнеркәсіптік кешенде, 31 – өңдеу өнеркәсібінде, 15 – балық саласында, тоғыз – жаңартылатын энергия көздерінде (ЖЭК), екі – туризм саласында.

Мысал ретінде өңір басшысы агрожобалар туралы айтып берді. Сапарбаев 50 нысанды іске қосу есебінен 3,6 мың жұмыс орны құрылатынын хабарлады. Оның мәліметінше, өңірде жүзеге асырылып жатқан ең ірі өндіріс 93 млрд теңгеге қант зауытының құрылысы болмақ. Оның қуаттылығы жылына 150 мың тоннаны құрайды.

"Түрік инвесторымен бірге 42 млрд теңгеге жеміс-жидек өндіру және қайта өңдеу жобасы жүзеге асырылады", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, өңірде 26,5 млрд теңгеге құс фабрикасын және 21 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинатын ашу жоспарда бар. Сапарбаев сондай-ақ, өңірде фармацевтика саласы белсенді дамып келе жатқанын айтты. Ол биофармацевтикалық зауыттың бірінші кезеңі іске қосылғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда кәсіпорында QazVac вакцинасының 2,5 млн дозасы шығарылды. Жалпы, жыл соңына дейін зауыт қуатын 3 млн дозаға дейін жеткізу жоспарланған", - деді өңір басшысы.

Бүгiнде фармацевтикалық жобаның екінші кезеңі салынып жатыр, онда коронавирустық вакциналардан басқа вакциналарды шығаруды жоспарлап отыр. Екінші кезең 2022 жылдың мамыр-маусым айларында іске қосылады деп күтілуде.

2021 жылдың 11 айында өңірде жалпы құны 50,7 млрд теңге болатын бес өндіріс іске қосылды. Мәселен, 49,4 млрд теңгеге жел электр станциясы ашылды. Бұл нысанның қуаттылығы – 100 МВт. Облыста 500 млн теңгеге темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт, 200 млн теңгеге полипропилен жіп шығаратын зауыт іске қосылды. Сондай-ақ, консерві өндірісі ұйымдастырылды және көкөніс қоймасы ашылды. Бұл жобаның құны 435 млн теңге. Биыл 200 млн теңгенің сүт зауыты іске қосылды.

Бұған дейін, LS редакциясы Жамбыл облысында жалпы құны 313 млрд теңге болатын сегіз ірі өндіріс ошақтарын ашу жоспарлап отырғанын жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.