Жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады

вчера

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды LS.

Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек тағы бір оператордың нарыққа шығуы туралы айтты.

"Компаниялардың бардығына қатысты айтамын. Егер тарифтік жағдай өзгермесе біз басқа ойыншыға жиілік жолақтарын дайындадық. Егер ештеңе өзгермесе, біз төртінші ұялы байланыс операторын нарыққа шығарамыз. Сондықтан олар қазір өз пайдаланушыларының тілектерін назарға ала отырып, нарықты өздеріне қалдыру туралы ойлануы керек. Немесе біз осы нарықтағы бәсекелестікті күшейтуге мәжбүр боламыз", - деді ол.

Шенеунікке "Қазақтелекомның" "Мобайл Телеком-Сервис" (Tele2 және Altel) операторларын катарлық инвесторға сату шарттарының бірі байланыс нарығына үш жыл ішінде жаңа ойыншы келмейтіні еске салынды.

"Дұрыс, екі жыл қалды. Осы кезеңнен кейін, егер жұмыс істеп тұрған үш компания сапа мен тарифтер тұрғысынан қазақстандықтардың қажеттіліктерін қанағаттандырмаса, біз нарыққа төртінші оператор қосуға дайын боламыз", - деп атап өтті Оразбек.

Ол сондай-ақ, ұялы және мобильді интернет тарифтерінің өсуі туралы сұрақтарға жауап берді.

"Осы жылдың басынан бастап операторлар тарифтерді көтеру бойынша өз рәсімдерін бастайды. Әрине, біз реттеуші ретінде бұл саясатты қаламаймыз. Қазір бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл жерде сөз байласу бар-жоғын анықтау үшін тергеу жүргізуде", - деп жауап берді вице-министр.

Ол операторлар өткен жылы тарифтерді көтеруді сұрағанын айтты.

"Жаңа жылға дейін ешқандай өсім болдырмауға келістік. Шын мәнінде, операторлар өз сөздерінде тұрды", - деп атап өтті Оразбек.

Оның айтуынша, қазақстандық нарықта дуополия қалыптасты.

"Біз катарлық инвестормен мәмілеге үлкен үміт артамыз, өйткені біз тарифтерді реттей алмаймыз. Бірақ нарықтағы бәсекелестікке сүйенеміз. Бұл тарифтерге әсер ететініне сенімдіміз. Менің ойымша, алдағы алты айда жаңа команда компанияның қазіргі жағдайымен айналысады. Жыл соңына дейін, бәлкім, олардың тарапынан нарықты теңгерімдеу, жақсарту бағытында қандай да бір өзгеріс болады", - деп түйіндеді ведомство өкілі.

Бұған дейін, Қазақстанда барлық үш ұялы байланыс операторына қатысты тергеулер басталғаны хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.