Зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін

сегодня

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстар әзірге пысықталып жатыр.

"Ұсыныстардың барлығы қаржылық тұрақтылық, әлеуметтік әділеттілік және оларды іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан сараланып жатыр", – бұл туралы министрліктің әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла мәлімдеді.

Бұған дейін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) зейнетақыны есептеу кезінде азаматтың орташа табысы мен еңбек өтілін ескеретін тәсілдерді ұсынған болатын.

Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жұмыс беруші жарнасының 4 пайызын жеке шотқа, 1 пайызын ортақ сақтандыру қорына бағыттауды көздейтін "4+1" моделін талқылауға шығарды.

Сенат депутаты Амангелді Нұғманов зейнеткерлікке шығудың негізгі талаптарының бірі ретінде кемінде 40 жыл еңбек өтілін енгізуді ұсынды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты соңғы шешімдер оның қаржылық орнықтылығы, әлеуметтік әсері және азаматтарға ықпалы жан-жақты бағаланғаннан кейін қабылданады.

Бұған дейін, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтары ең көп 40-47 жас аралығындағы қазақстандықтарда екені хабарланған еді.

Сонымен қатар, Қазақстанда азаматтардың зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.