Зейнетақы ақшасына тіс емдету қайта қолжетімді болады

сегодня

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігі қайта іске қосылады. Бұл туралы Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова LS-ке берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қазір біз денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Басты мақсат – бұл қызметті халық үшін барынша қолжетімді әрі ашық ету. Өкінішке қарай, азаматтардың шамамен 10%-ы қаражатты мақсатсыз пайдаланғандықтан, қалған 90%-ы осы мүмкіндіктен айырылып қалды. Менің ойымша, бұл әділетті шешім емес.

Сондықтан 2026 жылдың соңына дейін процесті толықтай онлайн форматқа көшіру жоспарланып отыр. Арнайы жүйеде стоматологиялық клиникалар мен басқа да медициналық ұйымдар тіркеледі, ал көрсетілген қызметтердің актілері онлайн түрде рәсімделеді. Осылайша барлық процесс ашық әрі түсінікті болады. Осы уақыт аралығында азаматтар жеткіліктілік шегіне дейін қаражат жинай алады деп ойлаймын. Сондықтан қазақстандықтар бұл мүмкіндікті алдағы уақытта да белсенді пайдаланады", – деді ол.

Сондай-ақ, Отбасы банкінің басшысы аталған мүмкіндіктің нақты қашан қайта іске қосылатынын да нақтылады.

"Қызметті тоқтату немесе қайта іске қосу денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығымен реттеледі. Қазір бұл бағытта арнайы портал әзірленіп жатыр. 15 сәуірге дейін қызмет қолжетімді болмайды, өйткені қазіргі уақытта кезекте тұрған азаматтарға қатысты басқа да басым міндеттер қарастырылуда. Сондықтан зейнетақы қаражатын емделуге пайдалану тетігін жетілдіру биылғы жылдың III- IV тоқсанына жоспарланып отыр", – деп түйіндеді Л. Ибрагимова.

Тіс емдеу мақсатында деп Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 780 млрд теңгеден астам қаражат алынғаны хабарланған. Оның шамамен 222 млрд теңгесі бір ғана өңір арқылы шығарылған. Тексеру барысында осы қаржының үштен бірі 20 стоматологиялық клиника арқылы рәсімделгені анықталған.

Бұған дейін, Қаржы мониторингі агенттігі зейнетақы қаражатын заңсыз пайдаланған тұлғаларға қатысты қандай жауапкершілік қарастырылатынын түсіндірген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.