Қарашығанақтағы газ зауыты салына ма

сегодня

Қарашығанақта салынып жатқан газ өңдеу зауыты туралы энергетика министрлігі мәлімет берді, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қарашығанақ кен орнында жылына 5 млрд текше метр газ өңдеуге арналған зауыт құрылысы бастапқы дайындық кезеңінде жүзеге асырылып жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі жобалық құжаттама әзірленіп, нақты жұмыс кестесі бекітілгеннен кейін айқындалады. Қазіргі уақытта жоба келіссөздер жүргізу және жобалық шешімдерді әзірлеу шеңберінде нақтылануда.

Зауыттың өндірістік қуаты Қарашығанақ кен орнының ресурс базасы және оны игеру жобасында жоспарланған ілеспе газ өндіру көлемі негізінде айқындалған.

Жобаны QazaqGaz компаниясы іске асырады.

Министрліктің мәліметінше, маусым айының соңында дрондар шабуыл жасаған Орынбор газ өңдеу зауытына Қарашығанақтан газ жеткізу қайта қалпына келтірілді.

Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, газ жеткізіліміне жөндеу жұмыстары, жабдықтардың істен шығуы және өндірістегі басқа да техникалық мәселелер әсер етуі мүмкін

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.