Қызылорда әуежайын вьетнам инвесторы басқармайды

сегодня

Қызылорда әуежайын басқару жөніндегі вьетнам инвесторының ұсыныстары мемлекеттің мүддесіне тиімді деп танылмады деп хабарлайды LS.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Қорқыт Ата" әуежайын вьетнамдық Sovico Group компаниясына беруден бас тартудың себептерін түсіндірді.

"Олардың ұсыныстары бізге тиімді болмады. Қазіргі таңда әуежайдың қарызы жоқ және табысы аз болса да, ол өздігінен жұмыс істеп, өзін ақтап отыр. Біз ешқандай субсидия бермейміз. Ал вьетнамдық инвестор қосымша қаржыны субсидия ретінде сұрады, бұл тәсілді біз тиімсіз деп санадық. Сол себепті басқа инвесторларды іздеуді жалғастыру туралы шешім қабылданды. Біздің үшін басты принцип – жоба мемлекетке тиімді болуы. Егер әуежай қарызсыз жұмыс істеп, өзін өзі ақтаса, оған субсидия беру қисынсыз", – деді ол.

Әкім Н. Нәлібаевтың айтуынша, әуежай құрылысына шамамен 21 млрд теңге жұмсалған, оның 16,7 млрд теңгесі жеке инвестициялар. Әуежай 2024 жылдың соңынан бері толық жұмыс істеп келеді және мемлекеттік қолдауға мұқтаж емес. Қазіргі уақытта әуе айлағы өздігінен жұмыс істейді, бірақ табысы аз: 2024 жылы ол шамамен 5 млн теңге болды, бұл рейстер санының шектеулі болуымен түсіндіріледі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматы мен Астанаға аптасына барлығы 29 рейс орындалады. Жазғы маусымда (мамырдан қыркүйекке дейін) Стамбул мен Антальяға маусымдық бағыттар іске қосылады. Болашақта маршрут желісін кеңейту және рейстер санын арттыру жоспарлануда.

Әкім бұрын Шымкент, Ақтөбе және Орал бағыттары ашылғанын, бірақ сұраныс болмағандықтан жабылғанын еске салды.

"Әуежай жылына 2 млн жолаушыны қабылдай алады, алайда қазіргі кезде тұрақты сұраныс тек Астана мен Алматы бағыттарында ғана байқалады. Кейбір күндері үш рейс орындалып, барлығы толық толады. Өкінішке қарай, басқа қалаларға әлі сұраныс қалыптаспаған", – деді Н. Нәлібаев.

Бұған дейін, вьетнам инвесторы Қызылорда әуежайына қатысты келіссөздерді жалғастырып жатқаны хабарланған. Сондай-ақ, халықаралық компаниямен ынтымақтастық VietJet Kazakhstan (бұрынғы Qazaq Air) әуе тасымалын дамытуға, Қызылордада ұшақтарды орналастыруға және қосымша рейстер ашуға мүмкіндік беретіні айтылған.

Еске салсақ, вьетнам инвесторы Түркістан әуежайын дамытуға қатысудан бас тартқан еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.